Сыпыра Тоқтамыстың алдына келіп, орнығып, жырлауға бет алғанда былай дейді: «Балаларым, жиырма бес жасымда дөнен серкенің терісінен жаптырған, қарағайды қақтап шаптырған қобызым бар еді. Сол қобызымның менен қалғанына бір жүз қырық жыл болып еді. Қобызымды менің қолыма алып берің. Егер қолымның күші жетсе, себіл қалған қобызымды күйлеп көрейін. Тілімнің қуаты жетсе, жан баламның алдында бес-алты ауыз толғап көрейін», – деді. Бұдан әрі атақты жыраудың қолына ұстаған қобызын дастанда былайша сипаттаған: «Балалары қобызын бабаның қолына берді. Әне, баба екі жүз алпыс жасаған, қайыңнан қақтап шаптырған, сары атанның жақ терісін бетіне тартқан, айғырдың ту құйрығын таққан дөнен серкенің мүйізін тап ортасына талтайтып қаққан, жеті құралды біріктіріп, отыз екі күй тартқан, бабаңыздың ісі һәм хаққа жаққан, баба қолына қобызын алды».
Сыпыраның өзі: «Әне, баба өңменін көтеріп, балаларын шақыруға ыңғайланды, бұл бабаның немересі, шөбересі, шөпшегі бір мың да екі жүз адамға толар еді. Балалары да жылдан жылға өніп өсер еді. Өскенінің белгісі бабасын барлығы қатаң сыйлар еді, сыйлағанның белгісі ұшыр, пітір, садақа, зекетін сол бабасына бағыштар еді. Хан сыйлаған жақсылардан дұға алған, жеті сапар Қызыр көрген қасиетті адам еді, балаларының хақына дұға қылып көңілі қалмаған соң, дұғасы қабыл болып, әулеттерінің өрбіп-өсіп отырғаны содан еді», – деп көрсетіледі.
Ал ноғай версиясында (М.Османов):
Алты ак боз ат джекдирип,
Алтын коьске мингизип,
Беллерин бота мынан бувдырып,
Явларын увла мынан увлатып,
Азувларын шыйратылган ший
Ийфек–минен шырматып,
Колтыгында джезлев таяк суьентип,
Колына алмас кондырып,
Коьзине зуьнбил суьртдирип,
Оьтирик–ялан демеске
Ийман шахадетин эскертип,
Алып келди джыравды , – деп сипатталады.
74. Асан қайғының өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар жөнінде баяндаңыз.
Асан Қайғы 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында өмір сүрген жырау. Асан Қайығының құрметіне 16 ғасырда Қызылорда облысының қазіргі Шиелі ауданының аумағында Асан ата кесенесі тұрғызылды.
Асан Қайғы Алтын Орданың ханы, кейіннен Қазан хандығының негізін қалаушы Ұлы Мұхаммедтің ең ықпалды тұлғаларының бірі болған. XV ғасырдың 50-ші жылдары ол Шығыс Дешті Қыпшақ даласындағы саяси күресте Әбілқайыр ханның қарсыластары, 1456 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың жақтасы болды. Ол жаңа хандықтың идеологы және барлық қазақ тайпалары мен руларын біріктірудің жақтаушысы болды.
Асан Қайғы тұрмыс мәселеріне тереңінен үңіле жырлаған данышпан әнші-жырау. Осыған орай, оның шығармашылығында: толғау, терме, нақыл сөздер мен афоризмдер секілді философиялық және дидактикалық жанрлар басты орын алды. Оның шығармаларын Шоқан Уәлиханов, Потанин секілді шығыстанушы-ғалымдар және белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев және тағы басқа ғалымдар жинаумен айналысқан. Асан Қайғының поэтикалық мұрасы XIX ғасырда жариялана бастады, оны зерттеуде Совет жазушылары Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов және тағы басқа жазушылар маңызды үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |