Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi



бет24/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым. Үшiншi - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады. Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қойуы мүмкiн: табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген “абсолюттiк идея² - ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын тыңдаған оқушылары да қойыпты, - деген аңыз бар. әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол таза логикалық идея ғана. Сонымен, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше-түрлi философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң Дүние жөнiндегi ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан “ұлы мәртебелi Табиғаттың² өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста болар едiк. Алайда, Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы - оның рух жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер айтады. Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi :
1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,
2.Объективтi рух, оған ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады,
3 Абсолюттiк рух - қолөнер, дiн және философия.
Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның ара-қатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрде-бiр айырмашылығы – оның тiке жүруiнде. Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен, Гегель нәсiлдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды “абсолюттi рухтың² әр-түрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылықтар ешқашанда жойылмайды деген кертартпа пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғамдық қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана жастық шағында ғана қарсы шығады, есейекеле, пiсiп-жетiлген шағында олар қирату мен бүлдiруден гөрi тәртiптi сақтауды, жасампаздықең бектi қалайды. Субъективтiк сананың дамуының екiншi сатысы “Рух феноменологиясында² қаралады. Онда негiзiнен адамның санасы сезiмдiк сатысынан ақыл-ойға, одан әрi зердеге қарай көтерiледi. “Психология² тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне көңiл бөлiп, рухтың теоретикалық, практикалық және ерiктi сатыларын талдайды. Адам теоретикалық сана шеңберiнде қалып қоймай, әрқашан оны өзiнiңең бек процесiмен ұштастырып, жасампаздық сатысына көтерiледi. Мiне, осы теоретикалық және практикалық рухтың бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал соңғы өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға (сыртқыдүниегетаңуға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтiк рух секiрiс арқылы объективтiк рухқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет