19. Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық: ертегі, аңызға құрылған сюжеттерді анықтаңыз. ХХ ғасырда қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа жолмен дамуына үлкес қосқан қаламгерлердің бірі-Сәкен Сейфуллин. Оның ертегі мен аңыздық желіге құрылған екі поэмасын атауға болады. Бірі- “Аққудың айырылуы”, екіншісі- “Көкшетау” поэмасы.
“Аққудың айырылуы”- үлкен гуманистік идеяны уағыздайтын романтикалық махаббат туралы аңыз. Поэма оқиғасы көркем көлдің жағасында өтеді . Көл табиғатына сүйсінген ақын ондағы жұбай аққудың жарастықты махаббатын жырға қосады . Кенет осы екі аққудың бірін сұр ” мерген атып түсіреді . Екінші аққу жұбайының өлгенін көріп Қиналып , мергеннің алдына келіп: “Мені де ат !” деп жалынады . Мерген ата алмайды. Жұбайсыз өмірді мағынасыз санаған аққу аспанға биіктеп ұшып шығып , содан құлап өледі . Поэма адал махаббатты, сезімді, достықты қадірлеуге үндейді.
Негізгі жаңашылдығы жазушының гуманисттік ойын, дүниетанымдық көзқарасы көрсететін көркем туынды. «Аққудың айырылуы» поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша автор метафораны қолданған, бірақ бұл авторлық метафоралар нәзік сезімді табиғат көріністерімен беруі ақын алып келген жаңашылдық болып саналады.
Бұл поэма арқылы тағы бір алып келген жаңашылдығы құстардың бәріне жаңаша анықтама беріп, өзінің авторлық позициясын теңеулермен таныта алуы. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды. Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болғандығын автор лирикалық толқынмен жеткізген.
Бірақ сол ақудың сыңарын сұршамерген атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді. Яғни С.Сейфулллин ақын ретінде өзіндік жаға эстетикасын танытады.
Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр.