Қайталау және оның түрлеріне тоқталыңыз.
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.
* Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
* еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
* анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
* эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев).
63. Көркемдік әдіс және оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
Көркемдік әдіс - өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принңипі, сайып келгенде, өмір шындығьш өнер шындығына айналдыра саралап, бегілі бір қоғамдық идеал түрғысынан қайта туғызудың айрықша типі. Шығармашылық әдіс екеу: романтизм жэне реализм.
Көркемдік әдіс - Жазушьшың өмірді бейнелеуде нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өзінің ой-түсінігіне сүйенуі - осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырьш дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс - романтизм мен реализм деуге болады. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қанатын кең жайды. Реализмге тән бейнелеу тәсілдері де қазақ әдебиетінде көптеген ақын, жазушылардың шығармаларында ертеден орын алып келеді. Алайда романтизмді қазақ әдебиетінде белгілі бір тарихи дәуірде берік орын тепкен ағым деуден гөрі , бейнелеу әдіс-тәсілдері түрінде көбірек кездеседі., деп қараған дұрыс! Романтизм әдісі бірыңғай қолданылмай , көбіне реалистік әдебиетпен жалғас, аралас келетіні осыдан болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |