Түркі әлемі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастары Әбу Насыр әл-Фараби және оның мұрасы



бет3/3
Дата13.01.2022
өлшемі16,19 Kb.
#129305
1   2   3
Байланысты:
Түркі әлемі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастары

Қожа Ахмет Ясауи. Белгілі сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін түркі әдеби тілінде жазды. Ясауи ілімі тек Түркістанда ғана емес, сонымен қатар Мауараннахр, Хорасан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Анадолыға дейін жеткен. Қожа Ахмет Ясауи басты еңбегі «Диуани хикметте» («Даналық кітабы») ислам қағидаларын түркілер дүниетанымымен байланыстырады. Кітап түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Ол өзінің даналық кітабында адамзатты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді.

Ахмет Ясауи сопылық идеяларын жергілікті салт-дәстүрлерімен үйлестіре дәріптейді. Ақын хикметтерінде о дүниедегі бақилық жайында: «Дүние менікі дегендер – жаһан малын алғандар, пара алған әкімдер – арамдықпен жүргендер, алтын тақта отырса да, топырақ астына түседі, сенген құлдар – адалдар, садақамен тұрады», – деп жазады.

Ясауи мұрасы сопылық түркі халықтардың рухани танымында маңызды орын алды. Ойшыл-ақын халықты мүсәпірлерге қайырымды болуға, қиыншылыққа төзіп, Жаратушыға деген сенімін кемітпей, шүкірлік етуге шақырады. Ясауи ілімі әрбір адамның өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесі тазалығымен анықтайды. Елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты ту етіп, адалдыққа үндеген Қожа Ахмет Ясауи түркі жұртының қасиетті әулиесі атанды. Ол өзінің бар қабілетін туған еліне, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсады.

Тәуелсіздік алған жылы ашылған Түркістан қаласындағы университетке Қожа Ахмет Ясауи есімінің берілуі ұлы ойшыл бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі және ұрпақ парызы болып табылады. Түркістан қаласы бүгінде Түркістан облысының орталығы саналады.



Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари т.б. ортағасырлық ғұламалардың еңбегі арқасында қазақ қоғамының қоғамдық-саяси ой-санасы қалыптасып, мемлекеттік құрылымы нығая түсті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет