Түркі халықтары Орталық, Шығыс, Солтүстік және Батыс Азияның, сонымен қатар Еуропа мен Солтүстік Африканың бөліктерін мекендейтін этнолингвистикалық топтардың жиынтығы



Дата01.03.2023
өлшемі18,72 Kb.
#170623
Байланысты:
түркі


Түркі халықтары — Орталық, Шығыс, Солтүстік және Батыс Азияның, сонымен қатар Еуропа мен Солтүстік Африканың бөліктерін мекендейтін этнолингвистикалық топтардың жиынтығы. Түркі халқы Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта пайда болған. Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын Маньчжуриядағы Батыс Ляо өзенінің бассейнінен табуға болады деген болжам айтады. Түркілер түркі тілдері отбасына жататын тілдерде сөйлеседі. Олар әртүрлі дәрежеде, белгілі бір мәдени ерекшеліктермен, жалпы ата-бабаларымен және тарихи шығу тегтерімен бөліседі. Уақыт өте келе батыс түріктері (оғыздар) басқа этностарды сіңірді және Иран халықтарының ықпалына түсті. Анадолы түріктеріне түркітілдес емес халықтар қатты әсер етті. Осыған қарамастан, көптеген адамдар тілдік емес сипаттамаларды бөліседі, мысалы, мәдени ерекшеліктер, ортақ генофондтан шыққан тег және тарихи тәжірибе. Қазіргі заманғы түркітілдес этникалық топтардың қатарына Түріктер, әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, түрікмендер, қырғыздар, сахалар, ұйғырлар және т.б. жатады. Шығу тегі Ғалымдардың пікірінше, түркі халқы солтүстік-шығыс Азия халқының құрамына кірді және өзінің отаны Қытайдың солтүстік-шығысында (Маньчжурия) болды. Кейбіреулер оларды ежелгі Синглонгва мәдениетімен байланыстыруға болады деп болжайды. Көне түркі халқы моңғолдар мен хан-қытай халқымен тығыз байланысты болған. Діни танымы Түркі тілдері ресми болып табылатын Елдер мен автономиялық аймақтар. Көне түркі діні анимизм мен шаманизмге негізделген болатын. Бұл аспан құдайы Тәңірге негізделген политеистік дін еді. Ата-бабаға табыну түркі дінінің маңызды элементі болды және қытай халықтық діндерімен немесе жапондық синтоидармен көптеген ұқсастықтар болды. Кейінірек бұл анимистикалық дәстүр неғұрлым ұйымдасқан тенгризмді қалыптастырады. Негізгі құдай Тенгри, аспан құдайы, ерте түркі қоғамының 763 ж. Маничаизм дінін ресми дін ретінде енгізгенге дейін табынған. Тибеттік буддизм ислам діні пайда болғанға дейін ежелгі түркі халықтарының ортақ діні болған.
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны. Абылай хан (1711- 1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30- жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: 1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген.
Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері Мәңгі ел деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Уақыт өткен соң көптеген түркі тайпалары (кей жағдайда күшпен, бірақ басым бөлігі өз еркімен) ислам дінін қабылдай бастады. Арабтардың кеңеюі исламның таралуы үшін үлкен рөл атқарды.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды. Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады. Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, Ел қағаны деп жариялады. Әйеліне Ел Білге қатын деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.
Тұмар (Томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты әйелдерінің бірі. Ахемен әулетінен шыққан, төрт құбыланың тұтас билеушісі атанған парсылардың Құрыш патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, жеңілуді білмейтін деп дәріптелген өлместер әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Құрыш батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Құрышқа жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. Құрыш өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Құрыштан аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Құрыштың өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Аңыз бойынша Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Құрыш патшаның денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.
Истеми (Істімі) қаған (554-576 ж.ж.) Бумыннан кейін қаған болған, яғни Бірінші Шығыс Түрік қағанатының екінші қағаны-Істімі отырады. Ең алдымен, Бумын қайтыс болғаннан кейін інісі Істемінің қаған болғаны шындық болса, онда қазіргі тарихшылардың Естеми, Істеми, Истеми есімдерін әркім өз қалауынша құбылтып алып жүрген адамы Істімі. Егер шынымен қазіргі тарихшылар айтқандай, Істімі 572 жылы қайтқан болса, онда атақты ағасынан кейін жиырма жыл өмір сүріп, бүкіл батыс өңірді билеген, әйгілі Жібек жолын қолында ұстаған, Иран мен Византия империясының іргесін солқылдатқан атақты қаған туралы қытай тарихшылары, сөз жоқ, бұлайша үнсіз қалмас еді. Истемиді Парсы деректерінде Дизавул десе ал, Қытай жазба
Құтлық Елтеріс қаған Құтлық Елтеріс қаған, Білге Құтлұғ қаған, Елтеріс Білге қаған, Құтылық (650 – 691) – екінші Шығыс түрік қағанатының негізін салуышы, алғашқы қағаны (682 – 691). Құтылық – оның шын есімі, ал Елтеріс Білге лауазымы. 682 – 687 жылдар аралығында шығыс Түркілер Құтылықтың қолбасшылығымен Қытайға қарсы азаматтық күрестің жеңісінене кейін өз мемлекетін құрды. Күлтегіннің жазбасында айтылғандай құтылыққа мемлекетті аяғынана тік тұрғызу оңайға түскен жоқ. Құтылық өзі ел басқарған 9 жыл ішінде Қытайға және басқа да сыртқы жауларына 47 жорық жасаған. Соның ішінде ірі – ірі 20 шайқаста Құтылық басқарған қол ірі жеңіске жеткен. Құтылықьың әкесі де Ашина тайпасын бастап жорыққа қатысқан. Құтлұғ Қаған Жазуы - Моңғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш. Түркологиялық әдебиеттерде табылған орнына қарай Онгин ескерткіші деп те аталады. Жазу түрік қағандығын орнатып, 692 жылы қайтыс болған Құтлүғ қағанға арналған. 12 негізгі және 4 қосымша жолдан тұрады. Құтлұғ Қаған Жазуын тапқан Н.Я. Ядринцев (1891), тұңғыш аудармасын жасап, баспаға жариялаған В.В. Радлов. Бұдан кейін аударғандар: Х.Н. Оркун, С.Е. Малов, Г.Глаузон. Жазуда Құтлұғтың, Білге қағанның және Күлтегіннің әр түрлі жорықтары баяндалады. Тұңғыш түркі қағандығын орнаткан Бумын қаған жөнінде кейбір деректер кездеседі: "Ата-бабамыз" Бумын қаған дүниенің төрт бұрышын қысты, жиды, оны кеңітті, басты. Ол хан жоқ болғаннан кейін ел жігіті, жан-жаққа қашып тарады" (Оншн 1 жазуы). Мұнда орхон ескерткіштерінде кездеспейтін кейбір таңбалар ұшырасатындықтан, В.В. Радлов Құтлұғ Қаған Жазуын орхон және енисей ескерткіштері аралығындағы жазуға жатқызады.
Бiлге қаған (көне түркіше Arslan Bilge qaγan; — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. Ачынұ текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған (шамамен 685-734) - Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны


Күл тегін (684-731ж.ж.) - Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ачынұ тектi. Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 ж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. (Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005.) Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, көк түріктің көк семсері атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күл тегін батырдың басына қойылған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет