ағаш,көз,ақ,қара,бар,жоқ
т.б. сөздер бар. Бұл
сөздерді белгілі қасиеттеріне қарай үлкенді-кішілі топтарға бөле аламыз. Мысалы,
ағаш, көз,
заттардың
атауын білдірсе,
көр
сөзі қимыл атауын, ал
ақ, қара
сөздері заттардың түсін білдіреді. Осылардың
ішіндегі кей сөздерден әрі сындық, әрі қималдық (ақ,қара) мағыналарды аңғарамыз.
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымын зерттегенде нысанаға алып отырған тұлғаның өзіне
тән лингвистикалық мағынасын ескеру қажет. Сөз тұлғаларын таза формалық (тұрпаттық) критерийлер
бойынша таптастыру объектіні тану ісін тұңғиыққа апарып тіреуі немесе қате пікірлерге ұрындыруы
мүмкін. Бұл жайт, әсіресе, етістік-есім негіздеріне қатысты. Мысалы, көш (зат есім әрі етістік) т.б.
Көріп отырғанымыздай, бұл мысалдар әр түрлі және жан-жақты ғылыми пайымдауды талап етеді.
Әрине, қазақ тіліндегі (сонымен қатар түркі тілдеріндегі) нақты әрбір деректерді талдай отырып, көне
түркі тілдерінің материалдарына сүйенбей, оның көптеген морфологиялық, фонетикалық, лексикалық
және семантикалық шектерін айқындау қиындық туғызады. Мұндай құбылыстар, әсіресе, қазақ тілінің
(түркі тілдерінің де) етістік пен есімге ортақ сөздерін зерттеуде айрықша ұқыптылықты талап етеді. Бір
жағынан, бұл аталған тілдік қат-қабаттар қазіргі әр алуан мақсаттағы зерттеулерде әртүрлі
түсіндіріледі. Біреулер “қимылдың” мәнін көтеріп, етістікті алғашқы, бірінші деп таныса, енді біреулер
“заттың” құнын көтеріп, оны алғашқы деп есептейді. Үшінші бір зерттеушілер оларды жарыса өмір
сүрген әрі етестік> есім әрі есім <етестік тұлғалар деп біледі (есім>етістік>есім). “Түркі тілдеріндегі
есім мен етістік негіздердің сырттай ұқсастығы кездейсоқ жайт емес. Ол сөз таптарының қалыптасуы
мен дамуындағы өзіндік тарихи процесті бейнелейді.
Көне және қазіргі түркі тілдеріне тән есім-етістік омонимиясының деректері, сондай-ақ осы сала
бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен түркі тілдеріне туыстығы жоқ тілдердің
материалдарын салыстырудан туған пайымдаулар ата түркі тілінде кез келген алғашқы түбір әрі зат,
әрі қимыл-қалыпты білдірген, яғни синкретті болған деп топшылауға мүмкіндік береді” [1, 51-60 б. ].
В.Г. Егоров түркі тілдерін құрылысы басқа тілдерден ажырататын маңызды грамматикалық
ерекшеліктердің бірі – сөз таптарының диффуздылығы, есім мен етістіктердің морфологиялық
жағынан бөлінбегендігі екенін айтады. Оның пікірінше, түркі тілдерінде сөз таптары өз алдына дербес
категория ретінде сараланып, мәселен, қайсыбір Үнді-Еуропа тілдеріндегідей грамматикалық тұрғыда
қалыптасып болмаған [3,42-43б.]. Мына жайтты да ұмытпау қажет. Грамматикалық синкретизм
туынды түбір – негіздерге де тән болып алған. Алғаш рет қимыл есім мен етістіктің етіс тұлғаларын
туғызатын қосымшалардың бір ізділігіне В.В. Радлов көңіл аударды. Оның бұл ойын Дж.Клоссон
дамытты. Ол туынды есім мен етістік негіздер арасындағы сыртқы ұқсастық – түркі тілінің
құрылымындағы есім мен етістіктің бір-бірінен жете ажырамаған кезеңіндегі алғашқы эволюциялық
сатылардын көрінісі деп білді. Сол тәрізді Т. Лехтисало да Орал-Алтай тілдеріндегі бір тұрпатты
омонимдес аффикстер – өткен дәуірден қалған реликті, яғни есім мен етістік іштей жіктеліп бөлінбеген
кездің сарқыншағы деп қарайды [1, 51-60 б. ].
Қысқасы сөз таптарының пайда болуына табиғаты диффузды, есім-етістікке бөлінбеген зат қимыл
атауларының ұзақ уақыт тілде сақталуы, басқаша айтқанда, есім сөздердің негізінде өзге де сөз
таптарының пайда болып, қалыптасу процесі ықпал еткен. Осы уақыт ішінде синкретті зат-қимыл
атауларының сөйлеу тілінде біртұтас категория ретінде қолданыс жиілігінің күрт өскендігі оларды
қызметі мен семантикасы жағынан жіктеуге мәжбүр етті. Э.В. Севортян, осының керісінше, етістіктің
белсенділігін жұрнақтар жалғану арқылы етістіктен жасалған есімдердің де молдығын дәлелдеу
мақсатында бірқыдыру мысалдар келтіреді: (коz – egu – “лом”, tum – agi – “mұмау”, kur –gak – “құрғақ
(шылық)”, tun – dak (салыстыр: “mүндік”) “mүнгі күзетші” [1, 51-60 б. ].
Сөйтіп бұл айтылғандардың түркі тілдеріндегі сөздердің морфологиялық тұрғыда дамуы олардың
ежелгі мағыналарымен төркіндес екенін, яғни бұрыннан белгілі мағынаны туынды лексемаға теліп,
омоним ретінде формальды түрде бекітетінін көреміз.
Cөз таптарының түркі синкретизміне қатысты проблемаларын семасиологиялық аспектіде шешу
тұлғалар мен мағыналардың ішкі даму эволюциясын түр мен мазмұнның өзара байланысы мен өзара
шарттастығы ынғайында қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл жолмен біз жазу шықпастан көп бұрын,
сонау қауымдық қоғам тұсындағы адамдар санасының қарапайым деңгейіне сәйкес сөйленіс
машығынан пайда болған алғашқы диффузды артикуляциялардың тілде морфологияланып
(тұлғаланып), сөзжасамның ең көне тәсілдерінің бірі саналатын “есім-етістік” үлгісіндегі
синкретизмдердің іргесі қалана бастағанына көз жеткізе аламыз.
Әлбетте, біз сөз таптарын мәңгілік сіресіп қатып қалған, өзгермейтін нәрсе деп қабылдайтынымыз
мәлім. Олар әр уақытта өзгеру, даму және жетілу үстіндегі процесті басынан кешіріп, өзара қарым-
қатынаста болады. Ал сөз таптарының ішкі арақатынасы барлық тілдерде біркелкі болуы мүмкін емес.
Мысалы, Үнді-Еуропа тілдерінде зат есім мен сын есім етістікпен қосылып предикатив категориясын
құрайды. Бұның сын есім категориясын семантикалық тұрғыдан да, функциялық тұрғыдан да жүйелі
түрде өзгерістерге ұшыратып, өзіндік ықпал ететіні сөзсіз.
Қазақ тілінің академиялық грамматикаларында да сөз топтары түрліше топтастырылады. Егер
«Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде атауыш сөздерді (негізгі) есімдер және етістіктер деп екіге бөліп,
есімдер тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдігі жатқызса, етістіктер тобына мағына жағынан
қимылдың амалды білдіретін сөздерді, яғни етістіктерді жатқызады. Ал «Қазақ тілінің грамматикасы.
Морфология» (1967) еңбегінде атауыш сөздерді есімдер және етістіктер деп бөліп, одан әрі атауыш
сөздерді атауыш есімдері үстеуіш есімдер және етістіктердеп бөлудің өзіндік негізі бар екендігін
көрсетеді.
Тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді атауыш, көмекші және одағай сөздер деп жіктеуге
олардың семантикалық белгілері негізге алынса, сөз таптарына қарай таптастыруда лесика-
семантикалық белгілерімен қатар грамматикалық ерекшеліктеріне де назар аударылады. Сондықтан
сөздерді таптастыру олардың грамматикалық сипатымен байланысты жүзеге асырылады. Бұл орайда,
біріншіден, жеке сөз таптарына телінетін сөздердің барлығы тілдің сөздік құрамына еніп, олардың
әрқайсысы лексика-семантикалық тұрғыдан саралануы тиіс; екіншіден, грамматиканың негізгі
міндеттерінің бірі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырып, олардың түрлену жүйесін, тіркесу
әлеуеті мен синтаксистік қызметін анықтау болғандықтан, әрбір сөз табы және оның құрамына енетін
әрбір сөз грамматикалық тұрғыдан да сипатталуы қажет.
Сөздерді белгілі бір сөз табына топтап, таптастыру мәселесі туралы Қ. Жұбанов маңызды тұжырым
жасайды [2,163 б.].
Сонымен, сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің
құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек.
Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз
таптарына, солардың айналасына шоқталады; сондай-ақ
,
тілдің грамматикалық құрылысына
байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарына байланыстырмай зерттеу де, шешу де
мүмкін емес.
Олай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің
грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әр негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында,
тереңірек үңілсек, сөз табы грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны
(грамматиканы) лексикамен байланыстыратын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфологиялық
құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірінің, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана
тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін
жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық
сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |