«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәнінен дәрістер 1 дәріс Түркі тілдерінің салыстырмалы


дәріс Түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) жүйесі



бет3/3
Дата08.12.2023
өлшемі20,96 Kb.
#195940
1   2   3
Байланысты:
«Т ркі тілдеріні салыстырмалы грамматикасы» п нінен д рістер 1

4 дәріс
Түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) жүйесі

Түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып келетін 23-25 дауыссыз фонема бар. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде арнайы графикалық таңбамен белгіленген дауыссыз фонемалардың саны 16-17-і ғана болған. Түркі тілдерінің ішінен созылыңқы дауыссыздар саны бірдей тілді табу қиын. Мысалы:


қарақалпақ тілінде – 23 дауыссыз
өзбек тілінде – 28 дауыссыз
ұйғыр тілінде – 24 дауыссыз
қырғыз тілінде – 22 дауыссыз
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеуші ғалым Ә. Жүнісбековтың айтуынша, «Қазақ тілінің консонантизмдер жүйесі 17 сингорматиптен (фонема) (б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш) немесе 66 сингорма дауыссыздан құралады» деп олардың қатарына в, ф, х, һ, ц, ч дауыссыздарын кіргізбейді. Себебі бұлар жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар деп түсіндіреді. Сондай-ақ ол қазақ әдеби тілінде басқа барлық дауыссыздардың жуан-жіңішкелігі фонематикалық қасиетке ие болмайтынына негізделіп, жуан-жіңішке қ/к, ғ/г сыңарларының әрбірі де бір сингеманың (фонеманың) екі түрлі (жуан-жіңішке) көрінісі, яғни қ/к бір қатаң дауыссыз сингеманың, ғ/г бір үнді дауыссыз сингеманың реңктері ретінде қарау керек» деп жазды.
Ісмет Кеңесбаев: «Қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар, орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, х, һ, ц дауыссыз фонемалары кірді» деп көрсетеді. Бұлар б, в, г, ғ, ж, д, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, щ.
Қазақ ғалымдары І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбеков, Ж. Әбуов, Ғ. Әбуханов, С. Мырзабековтер у фонемасын буын жасай алмағандықтан дауыссыздар тобына қосады. Бірақ осы 25 дауыссыз дыбысқа түркологтар Ғ. Әбуханов, Ж. Түймебаев 26 дыбыс етіп щ әрпін қосқан. Осыған қарағанда щ дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы ш немесе қос ш дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш түрінде аңбалайтыны айтылады. Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылатыны белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет