Түркістан қаласы№26 жалпы орта мектептің
7 «Ә » сынып оқушысы Лисотова Диана Михайлқызы
Жетекшісі: Бейсенбиева Динара
Ғылими жоба тақырыбы: «ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМДЕРІ»
Пікір.
Бұл жұмыста оқушы қазақтың байырғы өлшемдеріне тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын , заман талқысына өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған , жүрек қылының пернесі ауызекі тараған математикалық өлшемдерді жинап, оларға сипаттама берген. Қазақтың байырғы өлшемдерін әдебиетпен байланыстыра білген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері: Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шыдамдылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Байырғы өлшемдердің математика курсында алатын орнын анықтау.
Тақырыпқа сәйкес өлшемдерді іріктеу және оларды қарастыру.
Қосымша мағлұматтар қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар математикадан қосымша сабақтарда кеңінен қолданылса, оқушыларды логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасады.
Қазіргі заман өзектілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Зерттеу обьектісі: байырғы өлшемдердің қолданымдары.
Байырғы қазақ өлшемдері – өлшем-мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымдық пішіні, мөлшері бар. Өлшем – өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші,оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, қашықтық мөлшері бар.Ертеде дәлдік өлшем аспаптары жоқ кезде қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың бүтіні немесе бөлігі сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған.Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атауы бізге жат естіліп, ұғымымызға жатпауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол –тарихи тәлім, өнеге.
Халық тұрмыста қазақтың байырғы өлшемдерін қолданған. Кейде адамдардың іс-әрекетін, қадір-қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда « бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде айтады. Ендеше бізге қажет болатын байырғы өлшем бірліктерді қарастырайық. (сызба№1)
Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдері:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
|
Елі
Сүйем
сын сүйем
қарыс сүйем
сере қарыс
кере қарысҚарыс
Сүйем
Елі
|
-саусақтың көлденең қалыңдығы, тұтам-5 еліге тең
- бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы
-сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем
-бас бармақ пен орта саусақтың аралығы
-сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы
-бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралығы
– толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыста пайдаланылған. Мысалы киіз үйдің уығы 12-16 қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең.(шамамен 17-18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді.
– шамамен аршының ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең
-сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі(шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б елімен өлшенеді.
|
Саусақпен өлшенетін сыйымдық өлшемдер:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
4
|
Шымшым
Шөкім
бір уыс
қос уыс
|
ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы
қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем
қос қолдың саусақтарын бірге жұмдастыра,бүккендегі
|
Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдер:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
|
Білем
Шынтақ
Қолтық, құлаш,кере құлаш.
|
-саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы
-қолдың басы мен шынтақ аралығы
-иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі.
|
Қашықтық өлшемдер (өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері): аттам(бір аттам) жер-екі аяқтың кере созғандағы қашықтық, бөрік тастам жер, иек артпа жер, қозы көген жер, қол(құлаш) созым жер, қырық қадам, тас лақтырым жер, таяқ тастам жер.Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60-70 см) бірлігі. Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері деп те айтуға болады.
Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдер: айшылық жер, ит өлген жер, қырық күншілік жер.
Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдер: тобыққа дейін, тізе бойы, белуар(белбуар) бойы, кіндік бойы, кісі бойы.
Көлем өлшемдері: титімдей, бас бармақтай, жұдырықтай, кесектей, қазандай.
Экологиялық уақыт өлшемі: ай туғанда, алғаш қар жауғанда, жер көктегенде, жұлдыз өшкенде, күн батарда, күн арқан бойы көтерілгенде, күн көтерілгенде, күн күркірегенде, күн төбеге көтерілгенде, қансонарда, қырау түскенде, таң бозарып атқанда, таң қылаулап атқанда, шөп сарғайғанда.
Уақыт: қазір ғасырмен,жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.
Ауырлық өлшемдер:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
4
5
6
|
Мысқал
Батпан
Қадақ
Пұт
Қап
Танап
|
– алтын, күміс сынды бағалы заттарды өлшеуде қолданылған салмақ өлшемі. Бір мысқал шамамен 4,1 грамға тең.Мысқал – 5 грамға жуық ауырлық өлшемі. Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған.
– салмақ өлшемі. Бір батпан мөлшермен 196,56 келіге тең. 10 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.Ресейдің шет аймақтарында пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінген.
– 200 грамға тең салмақ өлшемі. 400 гр тең ауырлық өлшемі.Ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.
– 16 кг жуық ауырлық өлшемі.
– 4 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.
-қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп таралған өлшем бірлік.Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б 1820,83 шаршы метрге тең.
|
Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
4
5
6
|
Көген
көген тастам
қазық бойы найза бойы оқ бойы тізгін бойы
|
-көгеннің ұзындығы
– көген бойы жақын
-қазықтың ұзындығы
-найза ұзындығымен шамалас келетін халықтық өлшем
-тым таяу, оқ жетер мөлшерде
-тым қысқа 1 м шамасында
|
Қорытынды.
Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмады. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.
Қазақта бар өлшемдер,
Сөзімді менің көркемдер.
Елі, қарыс қадам бар,
Қазақша нағыз өлшемдер.
Жақсы – жаман арасы,
Бес елі деп өлшенер.
Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағың,
Жүрген елдің ойында,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бұл өлшемдерді білейік,
Есте ұстап жүрейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Балалар Энциклопедиясы, ІІ том.
Қазақ халқының салт дәстүрі. С.Қалиев, М.Оразаев Алматы 1994.
Интернет желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |