Түркістан облысы


Дромоминдер Түрксіб теміржолы, Шеңгелді – Арыс жол



бет8/9
Дата22.12.2021
өлшемі3,28 Mb.
#127606
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Түркістан облысы

Дромоминдер Түрксіб теміржолы, Шеңгелді – Арыс жол

Түрксіб теміржолы 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты.Қазақстандағы жалпы ұзындығы 443 км-ден асады.

Шеңгелді – Арыс арақашықтығы 106 км


Макротопонимдер Бетпақдала мен Қызылқұм

Бетпақдала Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Шу өзенінің терістігі мен Сарыарқаның арасында жатқан тылсым даланы халқымыз ертеден-ақ Бетпақтың даласы деп келген: жазы ыстық, қысы қатал сусыз, табиғаты өмір сүруге қолайсыз болғандықта да Бетпақтың даласы атанғандығы өзінен-өзі белгілі сияқты "Бетпақ" деген сөз "бет бақтырмайтын ұрысқақ" немесе "бет қаратпайтын суық, бет қаратпайтын ыстық" деген ұғымнан болуы керек. Өйткені, Бетпақтың төңірегін мекендеген елді сан ғасыр бойына бет бақтырмай, ішіне кіргізбей келгендігі рас. Дегенмен көшпелі халық өзі өмір сүрген ортаның табиғатын терең үйреніп оны шаруашылық мақсатына пайдаланған.

Қызылқұм Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Ауданы 300 мың км². Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған бұйратты қалдық тау жұрнақтары. Жалпы, шөлдің жер бедері жазық. Жалпы алғанда топырағы бозғылт қоңыр, құмдақты қызғылт болғандықтан оны Қызылқұм деп атап кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет