«Түркістан облысының әдістемелік орталығы» кмм директоры Б. Төлімбет 2021 жылғы



бет1/8
Дата13.12.2021
өлшемі24,08 Kb.
#125075
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ереже әдістемелік басылымдар (1)
Реферат 777



«Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ директоры

Б.Төлімбет

2021 жылғы «___» __________

__________



1-қосымша

ОБЛЫСТЫҚ  «ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАР» СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ
І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы облыстық «Үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізу Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген.

1.2. Кәсіби байқаулар өткізу білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің нысаналы дамуына, педагогтердің кәсіби шыңдалуына ықпал етеді.

1.3. Байқауды Түркістан облысының әдістемелік орталығы өткізеді.

1.4. Байқауға білім беру ұйымдарының химия, биология, география, физика, математика, тарих, информатика, көркем еңбек пәндері мұғалімдері, әдіскерлері шығармашылық жұмыстарының әдістемелік әзірлемелерін ұсыну арқылы қатысады.

1.5.Байқауды өткізу үшін қатысушылардын кворумы жалпы санының үштен екі санынан кем болмауға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет