4. «Отбасы тәрбие»
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту,олардың бала тәрбиесінде психологиялық- педагогикалық құзіреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру;
«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана; өз балаңа үлгі бол» тақырыбында жиналыс өткіздім. Алдын ала оқушылардан сауалнама алдым,өзіне ең керекті 5 құнды затын жазады. Мысалы: отбасы,денсаулық,достар,ақша т.б деген сияқты. Құнды заттардың төртеуінен бас тартуы керек болатын,қимағаны достары болды оқушылардың. Барлық оқушы «Отбасын» таңдады. Осы сауалнаманы ата-аналарға да жүргіздім. Жауаптары әр түрлі,мысалы: жолдасын,спорт,баланы, отбасын т.б болды. Сауалнамадан әрі қарай себептерін сұрап, ұл-қыздарына қаншалықты көңіл бөліп,сырласатынын байқадық. ХХІ ғасырдың оқушыларының көзқарасын барынша түсіндіруге тырыстық. Ата-ана бірінші өзін көрсету арқылы,балаларына үлгі болатынын айттық,пікірлестік,қортындыладық
Достарыңызбен бөлісу: |