«Голщекиннің көпірме сөзімен коммунизм құра алмайсың» ,– деген уытты сөзі де сол тұста айтылды.
Расында да Голощекиннiң «көсем сөздерiнің» пәтуасы болмады. Бұрын тұрақты түрде «жасасындатып!» жүргендердің өзі бірде «жасасындатып», бірде «жасасындата» алмай, бағдардан айырылып қалды. Мысалы, 1925 жылдың аяғында өткен Ү Қазақ өлкелік партия конференциясында: жерге ең алдымен байырғы халықты орналастыру туралы қаулы қабылдады. Алайда араға екі ай өткізбей, 1926 жылы 26 ақпанда сол қаулыны жоққа шығарған тағы да бір арнаулы қаулы қабылдады. ҮІ өлкелік партконференцияда Голощекин жерді таптық тұрғыдан бөлу саясатын ұсынды. Сөйтіп, «Ұлттардың өзін өзі билеу туралы декларацияда» жария етілген Ресейдегі аз ұлттардың жері, нақтырақ айтсақ, қазақ жері – қазаққа қайтпай қалды.
Біртұтас алаш идеясының ең талмауытты нысанасының ұйытқысы: «Жер, жер және жер. Жер – Отан. Ал отанды сатуға да, меншіктеуге де, жатқа жалдауға да болмайды», – деген ұлы мақсат (бірінші кітаптың «Жер жегісі» атты тарауында қазымырлана талданғанын ескерте кетеміз) алаш ұранды азаматтардың өзегін өртеген күйінді мәселе күйінде қалды. Күйінетін жөндері бар еді. Оларды күйіндірген С.Сәдуақасовтың пайымдауынша:
Достарыңызбен бөлісу: |