Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет167/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   242
Қош, сүйдім. Жүсіпбегің.

Адрес: Орынбор, Совет көшесі, дом 51. Астыңғы қатар. Маған. Орынбор, 2 январь”.

Жүсіпбектің екінші бір араб қарпінде қара сиямен жазылған хаты да осы адамға арналған. “Кәкебай” дейді. Бұл кім? Қошке ме, жоқ, басқа біреу ме? Тура осы хатқа жауап ретінде жазылғандай мазмұндағы Абдолла Байтасовтың хатының қолжазбасы да іске тіркеліпті. Аудармашылығымен, шағын мақалаларымен, сыни пiкiрмен сол тұста жұртқа танымал, жолдастарының арасында үлкен беделге ие, ұлттық мүдденiң туын ұстаған, шығармашылық өмір жолы мүлдем ұмыт қалған, тергеудегі жауаптары да қысқа қайырылған азамат.

Енді осы әңгімеге тілтартар болған, тергеу барысында екі-ақ рет шағын жауап алынған, айыптау айғақтары да мардымсыз, бірақ «қылмысы» өзгелермен теңестіріле үкім шығарылған Абдолла Байтасов жөнінде қысқаша мәлімет бере кетеміз.

Анкеталық анықтама: 1900 жылы Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің Айыртау болысында (екінші бір анкетада – Қостанай округінің Бақбаққара ауданы) туған. Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1921 жылдан кәсіподақ мүшесі. 1920 жылдан мамандығы бойынша қызмет істейді. Шет елде, әскерде, қызыл армия қатарында болмаған, бұрын сотталмаған. Қоғамдық қызмет атқармайды, дені сау, өзін істеп жүрген қызметіне лайық деп санайды, қазір мұғалім. Сын-ескертпесі жоқ. «Жас алаш», “Жас қайрат” газеттерінің белсенді авторы. Ағарту, сауат ашу, әр ғылымның саласындағы кітаптар жөнінде мақалалар жазған. Саяси экономия қақында пікір қозғаған.

Анкетаның соңына: «Байтасов жолдас өзінің тағайындалған қызметіне толық сай келеді», - деген бұрыштама қойылған. Ташкенттегі қазақ институтына:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет