«Қарсы емеспін 8/ХІІ-29 ж.»,– деп қол қойылған.
Яғни бес күннен кейін барып қана жеделхатты жолдауға пұрсат берілген.
Үшінші өтініш оның жарық дүниедегі соңғы тілектерінің бірі. Өйткені тура сол күндері Ж.Аймауытов ату жазасына кесу туралы айыптау қорытындысы дайындалып, соттың үкім шығаруына ұсынылып қойған болатын.
«Бутырка түрмесінің комендантына Бутырка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздің № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.
Маған әйелімнің жолдаған жеделхатына жауап ретінде почта телеграфы арқылы төмендегі мазмұндағы жауапты ақысыз түбіртек арқылы жолдауыма рұқсат беруіңізді сұраймын:
Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Аманмын. Шолақ тонмен бірге бас киімді де алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |