«Мағжанның шығармалары қазақ кедейдерiне қарсы үгіт-насихат құралы»,–деген қаулы қабылдап, барлық баспасөздерге хат жазды.
Ол хат бүкіл Қазақстанды дүрліктіріп, Мағжанға және ұлтшыл жазушыларға қарсы науқан басталды да кетті.
Ақынның намысын қоздырған және оны «Алқа» атты әдеби үйiрме құруға мәжбүр еткен де сол жағдай.
Ол майданға «жеке әскер» ретiнде емес, «абылайшасы» бар әдеби топ ретiнде аттануға қамданған. Сондықтан да ол өзiнiң ойын айқындай жазып, қанаттас қаламгерлерден ақыл-кеңес сұрады.
Тергеушiлерге берген жауабында М.Жұмабаев:
«Алқа» үйiрмесiн құруды студенттердің талқылауынан кейін ойыма алдым және оның «Табалдырық» атты бағдарламасын 1924 жылы желтоқсанның аяғында бастап, 1925 жылы қаңтар айының басында жазып бітірдім. Бағдарламаны сол кездегi Мәскеу студенттерi Сәрсенбин мен Сегiзбаевқа оқып берiп, талқылаттым, өзгертулер енгiздім. Содан кейiн барып жан-жаққа тараттым», – деп жауап берген.
Әрине, тергеушiлерге: «Алқаның» алдына қойған ешқандай саяси мақсаты жоқ, тек қана әдеби мүддеден туындады,– деген лаж айтады. Бұл орынды да, өйткені, негiзгi мақсат – өнерден туындап отыр.
Сөйтіп, тергеушілердің айтуынша – «астыртын ұйым, ал шын мағынасында «Алқа» атты әдеби үйірме өмірге келді. «Астыртын ұйымды», яғни, әдеби үйірмені құрған – Мағжан Жұмабаев пен рабфактың студенті Жәкен Сәрсенбин және ақын Аманғали Сегізбаев. Бұған енді тек қана қара күйе жағып, тонын теріс айналдырылған:
Достарыңызбен бөлісу: |