Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Әдебиеттiң таптық мүддесiн мойындамады



бет188/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   242
3. Әдебиеттiң таптық мүддесiн мойындамады.

4. Ұлтшыл-буржуазиялық идеологияны көркем шығармалары арқылы насихаттаған. Сөйтiп, пролетариаттық мәдениеттi мансұқ етіп, хандар мен феодалдық еркiндiктi, еркiн замандағы қазақтың бостандығын мадақтаған.

Міне осындай «қылмыстық желеу» олардың тұтқындалуына себеп болған. Мұның барлығы оқырманға таныс байбаламдар. Сондықтан да мәселенi тергеу барысындағы қолға түскен, тәргiге алынған хаттар мен құжаттарға сүйенiп отырып баяндаймыз. Тергеу ісіндегі неше түрлі жала мен арыздардың, қолхаттардың, жасанды «доностардың», дәлелсіз қыздырмамен айтыла салған айыптаулардың барлығы да қызыл сөзге, даурықпаға құрылды. Бұл – тергеушiлердiң тонын терiс айналдырған сөзiнің айнаға терiс түскен бейне деп ұққан жөн. Ондай дөрекi бұрмалауларға қосымша түсiнiк берiп жатпаймыз. Беттесулердің ішінде аты-жөні кездесіп қалатын ақын-жазушылардың куәландырған көрсетінділері – олардың абырой-атағына көлеңке түсірмесе, көңілді көтермейді.

Өкінішті. Бірақ шындық солай. Жаланың жалынына қанатын күйдірген жалғыз Мағжан емес еді.
2.

Анкеталық анықтама: Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (Бекмұхамед), 1893 жылы 25 маусымда Ақмола облысы Қызылжар уезі Сарыайғыр болысы Сасықкөл ауылында ауқатты жанұяда туған. Қызылжардағы Шалақазақ (1905-1910), Уфадағы Ғалия медреселерінде (1910-1911) оқи жүріп орыс тілінен қосымша дәріс алған (Міржақып Дулатов дайындаған), содан кейін Омбы мұғалімдер семинариясында (1914-1917) оқыған. 1918-1922 жылдары Петропавл уездік мұғалімдер курсында дәріс оқыған, сонымен қатар «Бостандық туы» газетінде қызмет істеген. 1922-1923 жылдары Ташкенттегі Қазақ оқу-ағарту институтында оқытушы болған. 1923-1927 жылдары Москвадағы әдебиет институтында оқыған, Шығыс баспасында әдеби қызметкер боп істеген. Әскер қатарында болмаған, жылжымайтын меншік мүлкі жоқ. «Алаш» партиясының оқу-ағарту комиссиясының мүшелігіне сайланған. 1927 жылдан ұсталғанға дейін Қызылжардағы Қазақ педагогикалық техникумі мен Кеңес-партия мектебінде орыс тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен дәріс берген.

Өмірлік шындықты жандүниесімен астасып жатқан көркем ойлау жүйесі арқылы қабылдайтын тума талант иесі тергеу сұрақтарына да ақындық көзқараспен жауап береді.

М.Жұмабаев, 1929 жыл, 14 шілде (Д.Досжанның жарияланымы бойынша): «Өзімнің ұстанымым бойынша, шамамен 1911 жылдан бастап Москваға келгенге дейін, дәлірек айтсам, 1924 жылға дейін ұлтшылдық көзқараста болғаным рас. Ұлтымның аянышты тағдырына жаным ауыратын. Москваға келгеннен кейін көзқарасым елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазір коммунистік танымға бір табан жақындағаным рас, бірақ, ол ойымды дәлелдейтін нақты дәйегім жоқ. Қайталап айтамын, менің ұлтшылдық көзқарасым тек қана ұлтшыл сарындағы шығармаларымда ғана көрініс берді, яғни, менің ұлтшылдығым өлеңдерім мен мақалаларымнан байқалатын, бұл туындыларым басылымдарда жарияланып, халыққа кеңінен таралды, олардың көңілінен шықты. Мысалы, «Батыр Баян» атты поэмамда ұлтшылдық сарыны барынша айқын көрініс тапты...».

Қазақ әдебиетіндегі еуропалық үлгідегі лирикалық жинақтың алғашқы қарлығашы – Мағжанның 1912 жылы Қазан қаласында жарияланған «Шолпан» атты жыр жинағы. Бұл жинаққа дем салған, ұлтының көркем сөзінің ой ұйытқысы болуға баулыған адам – қазақ халқының жүрегін «Қазақ қызы» романы арқылы жылытқан татар әдебиетінің тұрлаулы тұлғасы Ғалымжан Ибрагимов. «Ұлтшылдық көзқарасым 1911 жылдан басталды»– деп көрсетуі де Мағжанның Уфада Ғалымжанмен танысқан және одан кейін Міржақыптан орыс тілінен еркін дәріс алған тұсына дәл келеді. Демек, оның ұлтшылдық санасы зиялыларға тән көркем ойлау деңгейінде қалыптасқан.

Соған орай, Мағжан «Алқа» әдеби үйірмесінің мақсат-мүддесін, іс-әрекетін саясаттан қаншама саяқсыта сырттатып:

«Бағдарламаны сол кездегi Мәскеу студенттерi Сәрсенбин мен Сегiзбаевқа оқып берiп, талқылаттым, өзгертулер енгiздім. Содан кейiн барып жан-жаққа тараттым»,– деп жауап бергенімен, тергеушілер одан саяси астар іздеген.

«Айыптау қорытындысында» бұған: «Жекелеген әдеби еңбектердi дайындау белгiлi бiр тәртiп бойынша жүргiзiлiп, ұйым мүшелерiне өзара бөлiнiп берiледi. «Алқа» атты астыртын әдеби үйiрменiң өмiр сүруi әдеби еңбектердi белгiлi бiр тәртiп бойынша бөлiсiп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М. және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов Х., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты», – деп баға берілген.

Осы ретте айта кетеріміз, 14 томдық тергеу ісін түгелдей көшіріп шығыу мүмкін емес, оның қежеті де жоқ шығар. Дегенмен де маңызды-маңыздыларын ғана іріктеп алып ек. Сондай іріктеу сәтінде біздің назарымыздан тасада қалған Ж.Сәрсенбиннің 1929 жылы 5 мамыр күнгі жауабы алаш зерттеушісі Д.Қамзабекұлының көз қиығына ілігіпті. Онда Ж.Сәрсенбин:

«Кешікпей Мағжан екеуміз «Алқа» айқындамасының (бағдарламасының – Т.Ж.) 16 данасын жан-жаққа бөліп, Ташкентке – А.Байтұрсыновтың, Орынборға – Ж.Аймауытовтың, Қызылжарға – Ж.Тілеулиннің, Семейге – С.Дөнентаевтің, Ленинградқа – М.Әуезовтің (басылымда «ұлы» деп жазылған, біз тергеу тәртібіне орай алдық – Т.Ж.) атына салып жібердік. Сол жылы 19 қаңтарда Өлкелік коммунистік партия қарауына Орынбор қаласына шақырылдым. Мәскеуден жүрер алдында Ә.Бөкейханов пен М.Жұмабаев маған Орынбор мен Ташкенттегі азаматтармен байланыс жасап, «Алқа» айқындамасы туралы ойларын, оны қуаттайтын-қуаттамайтындығын біліп, пікірлерін Жұмабаевқа жіберуін қадағалауды тапсырды. Мұнымен қоса бара салысымен Смағұл Сәдуақасовпен хабарласып, бағдарламаны баспасөз жүзіне шығару керектігі айтылды. Орынборға келгеннен кейін «Еңбекші қазақтың» жауапты шығарушысы С.Сәдуақасовқа барып, бағдарламамен таныстырдым. Смағұл «Еңбекші қазаққа» басатынын, бірақ қазір оны А.Байтұрсыновқа, Е.Омаровқа, С.Қожановқа, Ж.Аймауытовқа көрсетуіміді өтінді... С.Қожановқа барғанымда, ол С.Сәдуақасов екеуі «Алқа» жөнінде Мәскеуге барғанда М.Жұмабаевтан естігенін айтты. Е.Омаров та, Ж.Аймауытов та бағдарламаны ұнатты. Е.Алдоңғаров С.Сәдуақасовпен хабарласып, бағдарламаны газетке емес, «Қызыл Қазақстан» журналына бастыру керектігі туралы ақылдасатынын білдірді»,– деп (Д.Қамзабекұлы. «Алаштың рухани тұғыры. А.Ел-шежіре», 2008 301-302 бет) жауап беріпті.

Соңғы Е.Алдоңғаровтың үйінде өткен пікір алысудың барысы Ж.Аймауытовтың жауабында баяндалған.

Тергеу ісінде «Алқа» әдеби үйірмесінің «Табалдырық» атты бағдарламасының фотопленкаға түсірілген көшірмесі, оның негативі және орысша тәржімасы тіркелген. Бағдарламаны жазғандығын растаған қолтаңбасы бар (Біз сол негативтен көшірілген нұсқаны пайдаландық). Тергеуші Логачев «Алқа» әдеби үйірмесін қалайда ұлтшыл астыртын ұйым ретінде қарастырып, оны «Алаш» көсемдерімен байланыстырғысы келіп, әр бағытты қамтитын түрткі сұрақтар қойған. Соның ішінде «Алқаның» ұйымдастырылуына «Алашорда» көсемдерінің қатысы туралы сұраққа М.Жұмабаев (Д.Досжанның жарияланымы бойынша):

«Алашорданың» құрамында қызмет істегемін жоқ, 1917 жылдың соңында Орынборда өткен Бүкілқазақтық бірінші құрылтайда, «Алашорда» үкіметі құрылғанда 5 адамнан тұратын, оның ішінде Омаров, Шонанов, мен және тағы басқа бір адам (Міржақып Дулатов – Т.Ж.) бар, оқу-ағарту комиссиясының мүшелігіне сайландым. Жеке басым «Алашты» қандай да бір құқылы партия ретінде қабылдағамын жоқ... 24-жылдың соңында, не 25-жылдың басында (нағында 1924-жылдың күзінде, қазан-қараша айларының өліарасында – Т.Ж.) Москвада өлкетанушылардың құрылтайы өтті. Қазақ өкілдері ретінде оған Байтұрсынов пен Бөкейханов Әлихан қатысты. Сонда ол кісілермен жолығып, әңгімелестім»,– деп жауап берді.

Иә, «жолығып, әңгімелескен», үйіне бармаған. Ал Ж.Сәрсенбин жоғарыдағы жауабында:



«... Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев (басылымда Бөкейхан, Жұмабайұлы деп жазылған – Т.Ж.) мен үшеуміз 1925 жылдың қаңтар айында оқытушылар сьезіне келген Ахмет Байтұрсынов орналасқан жатақханаға барып, ол кісіні жазылып, даярланып қойылған «Алқа» әдеби үйірмесінің бағдарламасымен таныстырдық: «Қазаққа шаруасы мен тұрмысының түріне қарай шапан пішу жарасса да, еуропалықтар оған еуропалық костюм кигізгісі келеді. Қазақтың түйесін отарбаға қосып сүйреуді қалайды. Бұлай ету – қазаққа тән емес, жат нәрсе. Қазақ әдебиеті ұлттық әдебиет болуға тиіс. Мынандай үйірмелер арқылы оны жасау мүмкіндігі де бар. Сондықтан да «Алқаны» құру туралы пікірлеріңді қостаймын»,– деді»,– деп (Д.Қамзабекұлы. «Алаштың рухани тұғыры. А.Ел-шежіре», 2008 301-302 бет) көрсеткен.

Сайып келгенде бұл – Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов қағыс қалатындай елеусiз iс емес едi. Өйткені мұнда ұлттың мәйектi мүддесi жатқан. Сондықтан да алғашқы сұрақтар соларға қойылған. Бұл жөнiнде Ахмет Байтұрсынов 1929 жылы маусымның 18 күнi берген жауабында:



«...Қазақ әдебиетiнiң ағымдары туралы мәселенi мен ешкiммен де бiрiгiп талдағам жоқ. Оның iшiнде, Мағжан Жұмабаев жасаған әдеби платформаны Бөкейхановпен бiрiгiп талдаған емеспiн. Қалай болған күннiң өзiнде, мен Мәскеуге барған кезiмде Мағжан Жұмабаевты Бөкейхановтың пәтерiнен көрмегенiм анық, сондай-ақ Жұмабаевтің да пәтерiнде болғаным жоқ.

Нақтысын айта алмаймын, бiрақ Жұмабаев пен Бөкейханов мен орналасқан жатақханаға (ол РСФСР-дiң Халық ағарту комиссариатының Мәскеудегi жатақханасы болатын, 1924 жылы күзде мен өлкетанушылардың өлкелiк құрылтайына қатысу үшiн барғанмын) келдi ме, әлде бәрiмiз де өлкетанушылардың құрылтайының мәжiлiсiнде кездестiк пе, әйтеуiр, бiр жүздескенiм рас.

Сондай-ақ, «Табалдырық» әдеби үйiрмесiнiң бағдарын оқығаным да есiмде жоқ. Әрине, әдеби шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжазбаның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сәрсенбиннiң газетте жарияланған мақаласы есiмде. Мен Мәскеуде болған кезiмде оны Жұмабаевпен көрiп қалғаным бар. Орынбор қаласында тұрғанымда Сәрсенбин менiң үйiме келген емес. Әйтеуiр, менiң жадымда қалмапты. Тiптi, өлкетанушылардың құрылтайынан кейiн соның өзiн көрдiм бе, жоқ па, бiлмеймiн. Жұмабаевтің әдеби бағдарын талқылауға арналып Алдоңғаровтың үйiнде мәжiлiс өткендiгiнен бейхабармын, тiптi, Алдоңғаровтың үйiне бiр рет бас сұққан жоқпын»,– дейді.

Тiптi, Мағжанның өзiн Әлихан мен Мiржақыптан бөлiп тастайды. Әйтпесе, жоғарыдағы жауаптың әр сөзi «Алқаның» негiзгi бағыттарының бiрi болғандығы бағдарламадан анық байқалады. Мысалы:

«Мағжан Жұмабаев жасаған әдеби платформаны Бөкейхановпен бiрiгiп оқыған емеспiн. Қалай болған күннiң өзiнде, мен Мәскеуге барған кезiмде Мағжан Жұмабаевты Бөкейхановтың пәтерiнен көрмегенiм анық, сондай-ақ Жұмабаевтің да пәтерiнде болғаным жоқ…»,– деген пікірдің астарына үңілсеңіз, бәрін де жоққа шығарған сияқты.

Ал енді осыны: иә, Ахмет Байтұрсынов «Алқаның» бағдарламасын Бөкейхановпен бірге қатар отырып оқымаған, бірақ өзі оқыған. Мағжанды Әлиханның үйінен көрмеген, Мағжанның пәтерінде болмаған, бірақ кезіккені рас, – деп түсінуіңізге де болады. Солай да. Мұның барлығы әдейі: кіммен, қай жерде, қалай танысты, қандай пікір айтылды, соның ізін жасыру үшін сөйлемді әдейі «жоққа шығару» бағытында құрған.

Философия ғылымында «терiске шығаруды терiске шығару» деген категория бар. Сөздi ойнату арқылы ұғымды тұмандату сияқты көрiнгенiмен, өмiрдiң қайшылығын терең талдайтын және соны түсiндiретiн қарама-қарсы ойлардың шарпысуынан туған парасаттың пайымы. Ұлттың рухани көсемi Ахмет Байтұрсыновтың жауабынан ғылыми тұжырым суыртпақталып шықпағанымен де, осынау қысқа ғана айғақтан оның ойлау жүйесiнiң күрделi құрылымы мен ақыл сарасы анық аңғарылады. Ол тергеушiлердiң барлық сұрақтары мен бопсаларын жоққа шығарып отыр. Сол арқылы өзгенi де, өзiн де оқшаулатып, адамдардың арасындағы көзқарас бiрлiгiн қасақана ыдыратып жiберiп, оларға тағылатын ортақ айыптан құтқаруды көздеген.

«Алаш iсiнiң» жалғасы болатындығын және оның мiндеттi түрде рухани мәселенi қамтитынын бiлген. Сондықтан да, М. Тынышбаевтің, Х. және Ж. Досмұхамедовтердің, М.Әуезовтің, Ә.Ермековтің, Қ.Кемеңгеровтiң тұтқынға алынуынан бiр жыл бұрын оларды арашалап, екi топтың «қылмыстық iсiн» бір-бiрiне байланыстырмаудың бар шарасын қарастырған. «Алқа» әдеби үйiрмесi мен оның «Табалдырық» атты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ екендiгiн үзілді-кесілді мәлiмдейдi. Бiрақ та өзiнiң көзқарасын ашық айтады. Демек:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет