Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет209/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   242
«Менің тұтқындалуым менің дұшпандық әрекетімнің жолын кесті, сондықтан да мен, өзімнің сатқындық әрекеттерім мен опасыздығым бұлжытпайтын айғақтармен әшкереленіп отырған сәтте, іштен тынып, әлденені жасырып қалуға жортақси тырысуымның ақылға сыймайтынын білемін. Мен жиырма жыл бойы партия мен халықты алдап келдім. Өтірік пен екіжүзділік менің екінші және нағыз болмысыма айналды, сол болмысым маған ұзақ уақыт бойы партия ісіне шынайы берілген адал коммунистің ролін орындауға мүмкіндік берді. Мен, тұтқындалғанға дейін, оңшылдар орталығының қарары бойынша әрекет еткен Қазақ ССР-дегі кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның жетекшілерінің бірі болдым»,– деп жауап беріп жатты (Алашорда қозғалысы, 3 том, 2-кітап, 266-бет).

Шағынар қайраткердің қалмағаны және енді олардың қайтып оралмайтыны түсінікті еді. Сондықтан да ендігі арызданудың өзі өз еркіңмен абақтыға қамауға өтініш берумен тең болатын. Кімнің абақты мен концлагердің есігін қайтадан ашқысы келеді дейсің?

Бірақ Мағжан ашпасам деген есік тағы да ашылды, ашылған жоқ, ашқызды. 1937 жылы желтоқсанның 31 күні кеште Мағжан Жұмабаев екінші және соңғы рет ұсталды. Ш.Елеукеновтың зерттеуі бойынша, Мағжанды тұтқындау туралы №1445 ордер 1937 жылы 27 желтоқсан күні жазылыпты. Осы арада ескерте кетеріміз, Мағжанды тіміскілеткен не тұтқындаған, біз танысқан Ахмет Байтұрсыновтың ісіне де қатысы бар тергеушілердің біреуі – кейіннен Қазақстанның бірінші басшысы, екіншісі – қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары, үшіншісі – Ішкі істер министрі, төртіншісі – төбе би болды. Солар қызмет басында тұрғанда бұларды ақтау туралы мәселе қозғаудың қандай нәтижемен аяқталғаны түсінікті. Олардың үрім-бұтақтарының өтініші бойынша аты-жөндерін қағыс қалдырдық. Ол үшін бізді жазғырудың да жөні болмас.

Сонымен, ұлтшыл және қылмыскер қазақтар туралы дастан жазылмай қалды. Зылиха Жұмабаева:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет