Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«1920 - жылы І Қазақ сьезі өтті. Оның негізі сонда анықтала түсті. Әртүрлі көзқарастардың өзара үйлеспеуі жікшілдікке негіз қалады»



бет221/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   242
«1920 - жылы І Қазақ сьезі өтті. Оның негізі сонда анықтала түсті. Әртүрлі көзқарастардың өзара үйлеспеуі жікшілдікке негіз қалады»,– деген пікірді сабақтап келеді де оны рушылдыққа әкеп телиді.

Біздің ойымызша, ол көзқарастардың астарында ұлттық мүдде жатты. Тек қазақ қайраткерлерінің арасындағы саяси күрестің тәжірибесі жетпегендіктен де, олардың өзара пікір таласы жеке бастарының ымырасыздығына жол ашты. Өкініштісі сол, мұның барлығын хаттап, қағазға түсіріп отырған большевиктер де, кейіннен «қужақшыл» голщекиншіл тергеушілер де өте шеберлікпен пайдалана білді. Бұдан әрі Ә.Байділдин өзінің өзінің саяси баянын:



«... Ол съезде, ұмытпасам, Әділев Байсеиіт пен Мыңбаев (Ақмолалық) және басқалар сөйледі. Әрбір жақ өзінше сьездің шешіміне әсер етуге, әсіресе, үкіметтің құрамына ықпал жасауға тырысты. Әрбір топ өзінің көсемін жетекшілікке ұсынды, яғни, КЦИК-тің төрағалығына Байтұрсынов пен Жангелдинді ұсынды»,– деп жалғастырады.

Осы арада ескерте кетеріміз, бірінші кітаптың «Жер жегісі», «Жан жегісі» атты тарауларында Ә.Байділдиннің көрсетінділері тақырыпқа орай барынша тиянақты қамтылып, талданған болатын. Енді тура сол жауаптарының ішіндегі жеке өз басына қатысты тұстарды іріктеп алып, оған қарсы дәлелдерді келтіріп, қысқаша ғана түсініктеме жасап, қайталап беруге амалсыз мәжбүр болып отырмыз. Өйткені бұл жауаптар «Алашорда» қайраткерлерін (жиыны 30 адам) түрмеге қамауға себепкерлік еткен және Ә.Байділдиннің жүйке жүйесінің қисындық желісі де анықталады.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Бiз Орынбордағы өлкелiк кеңестiң екiншi съезiне жиналдық. Сәдуақасов бiзден бұрын кетiп қалған едi, қалған өкiлдер кеш аттандық. Бұл съезде жалпы саяси және шаруашылық мәселелерiмен қоса, Сәдуақасовтың жеке басы мен оның iс-әрекеттерiне қатысты талқылауларға айтарлықтай ерекше орын берiлдi. Семей мен Ақмола губерниясынан келген еуропалық ұлттардың өкiлi өзiнiң сөздерiнде Сәдуақасовтың жеке басының намысына тиiсiп, оның iс-әрекетiн әшкерелеп: ұлт араздығын қоздырды, орыс қызметкерлерiн отарлаушы деп жазғырды, т.с. – деген айып тақты. Ал аталған губерниялық қазақ өкiлдерi, керiсiнше, Сәдуақасовтың iстеген iсiн қостап, еуропалық ұлт өкiлдерiн кiнәлады. Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң құрамын сайлау кезiнде әлгi өзара айыптаулар мен iшкi есеп өзiнiң шегiне жеттi. Бiз Сәдуақасовты Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң құрамына ұсындық, оны еуропалық жолдастар керi қайырып тастады. Бұл мәселе жiктелушi топтардың көп уақытын алды. Сәдуақасовтың өзi шығып ұзақ қорытынды сөз сөйледi. Ол өзiн қазақ халқының нағыз күрескерi әрi соның мүддесi үшiн азап шегiп жүрген шерменде ретiнде көрсеттi: ол еуропалық қызметкерлердi партияның ұлттық саясатын жүзеге асыруды тежеп отырған саналы отаршылдық пиғылдары үшiн айыптады. Ол бұл пiкiрiн ұлт мәселесi жөнiнде қабылдаған партияның 8 съезiнiң қарарлары мен Сталин жолдастың мақалаларынан үзiндi келтiре отырып дәлелдеп, мұның ұстанған бағыты келтiрiлген үзiндiлерге сай келетiнiн, партияның бағдарламасын жүзеге асыртпау үшiн орыс отарлаушыларының өзiнiң соңына шырақ алып түскендiгiн айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның өткен тарихынан мысал келтiрiп, оны бүгiнгi күнмен салыстырып, өзiнiң бағыт-бағдарының дұрыстығын дәлелдейтiн тұжырымдар жасады».

Егерде, 1920-жылы Смағұл Сәдуақасовтың жиырма жаста ғана екенін ескерсек, оның өз құрбыларынан қаншалықты ілгерілеп кеткенін және өресінің олардан анағұрлым жоғары екенін аңғару қиын емес. Ол елінің мүддесі ерте есейткен азаматтың бірі болды. Ә.Байділдин бұдан әрі Смағұл мен өзінің арасындағы қарым-қатынас пен қайшылықтарды айта келіп, өзінің 1920-1929 жылдар арлығындағы өмірін жалықпай саяси астар бере хатқа түсірген. Бұдан аңғарылатыны: тергеуші де және жауап беруші де нысанаға Смағұл Сәдуақасовты алған. Ішінара Мұхтар Әуезовті де шаншып, екеуін қосақабаттап “ұлтшыл” етіп шығаруды көздеген. Біз Смағұл мен Мұхтарға қатысты тұсын ғана іріктеп алдық.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Оның сөзiн: бірінші жақтан: «Жойылсын ұлтшылдар!», екiншi жақтан: «Сөйлесін!», «Отарлаушылар, бөгет жасамауларыңды өтiнемiз!»деген айқайлар жиi-жиi бөліп кетiп отырды. Ол сөзiн аяқтаған кезде, барлық губерниялардан келген қазақ өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi ұзақ қол шапалақтап, қошамет көрсеттi. Бұдан кейiн екi жақтың да у-шуы бұрынғыдан да күшейе түстi. Қорғаушылардың да, қаралаушылардың да сөздерi қатқыл-қатқыл шығып, iшiнара әдепсiз қылықтарға жол берiлдi. Мысалы, Сәдуақасовты қорғап сөйлеген Х.Нұрмұхамедов (Атбасардан келген уәкiл) бiрнеше рет қарсы топтың төралқасының столын жұдырықпен ұрғылап, аяғымен жер тепкiледi.

Iстiң ақырында дауысқа салғанда – дауыс ұлттық тегiне қарай екiге бөлiндi. Iшiнара кейбiреулерi болмаса, қазақтардың барлығы қостап дауыс бердi, ал, кейбiр қалыс қалған жеке адамдарды есептемегенде, орыстардың барлығы қарсы болды. Мәселе сол күйi шешiлмей қалды. Бiрақ та, кейiннен бәрiбiр 3-4 дауыс артық алған Сәдуақасов Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң құрамына өттi».

Бұл мәселе Смағұл Сәдуақасовпен алдын-ала келісіліп алынған сияқты. Істің бәрі де соның ықпалымен және соның күрес жолының бағытымен қақпайланып отырған. Бұл өте бір ауыр кезең еді. Қазақстанның үш түрлі өкімет билігінде (Батыс облыстар – Орынборға, солтүстік облыстар – Батыс Сібірге, оңтүстік облыстар – Түркістан өлкесінде) қалуы өзара түсініспеушілікті тудырды және ұлттық мүдденің тұтастығын сақтауға кесірін тигізді. Әсіресе, Сібір төңкеріс комитетіне қараған Шығыс және Солтүстік губерниялардың ахуалы өте нашар еді. Жаңа орыстандыру мен қоныстандыру саясаты жүріп жатқан. Төңкеріс тек орыстарға ғана қатысты сияқты көрініп, қазақтар қызметтен шеттетіліп жатыр еді.


Ә.Байділдиннің «іске тігілді» деп атап көрсеткен хаттамасы және оған берген тиянақты түсініктемелері, деректері кеңес өкіметінің қылмыстарын әшкерелейтін «құпия құжат» болып табылады. Ұзақ та аса маңызды бұл мәліметтер осы басылымның «Жегі» атты бірінші бөлімінде арнайы талданғандықтан да және осыдан кейінгі Мұхтар Әуезовтің тергеуіне қатысты тарауда тағы да пайдаланатын болғандықтан да, бұл ретте оның жеке басына қатысты түрме тағдырын баяндаумен ғана шектелдік.

Үкім тергеу ісінің ҮІІ томының соңына тіркелген:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет