«1930 жылы 6 қараша күні айыпталушы Халел Досмұхамедовтен алынған тергеу жауаптарының хаттамасы.
Х.Досмұхамедов: «1). Ташкенттегі қазақ зиялыларының контрреволюциялық ұйымы бізге дейін де болуы мүмкін. Оған біз қатысқан жоқпыз. Ал Жаһанша Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев қатысқан ұйым 22-жылы құрылды да, 24-жылдың басына дейін жұмыс істеді».
М.Тынышбаев: «1) Біздің Ташкенттегі ұйым 22-жылдан бастап жұмыс істеді. Голощекин жолдасқа белгілі болған құжаттарға қарағанда Орынбордағы ұйым 20-21 жылдары құрылған сияқты. Мен бұл мәселені 22 жылы сәуір айында Заки Валидовтің сөзінен білдім».
Достарыңызбен бөлісу: |