Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Қазақ қызметкерлерiнiң Кеңесi қабылдаған бұл қаулы КЦИК-тiң бекiтуiне жатады



бет101/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Қазақ қызметкерлерiнiң Кеңесi қабылдаған бұл қаулы КЦИК-тiң бекiтуiне жатады.
Кеңес төрағасы – Жангелдин.
Хатшысы – Нахым- жан».

Қол қойылып, мөр басылған.


Кеңес қабылдаған екi мәселенiң де қазақ ұлты үшiн өмiрлiк мәнi бар едi. Бұған келiспеу – ұлттық жеккөрiнiш пен өшпендiлiктi тудыру, коммунистiк партияның отарлаушы және жазалаушы саясатын ашықтан- ашық әшкерелеу едi. Сондықтан да арада бес күн өткеннен кейiн, яғни 1921 жылы желтоқсанның 15 жұлдызында қазақ Орталық Атқару Комитетi мен жұмысшылар кеңесiнiң еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, қызметкерлердiң съезiнде және қазақ өкiлдерiнiң бiрiккен мәжiлiсiнде:
«Жауапты қазақ қызметкерлерiнiң 1921 жылғы 10 желтоқсан күнгi Кеңесiнiң қаулысын тыңдап:
Кеңес қабылдаған қаулы түгелiмен мақұлдансын және қорытынды шығару үшiн аштарға көмек комиссиясына берiлсiн. Көмек комиссиясының шешiмi 17 желтоқсан сенбi күнi ҚазЦИК-тiң секретариятына хабар дар етiлсiн, 17 желтоқсан, сенбi күнi РКП қазақ обкомының талқылауына ұсынылсын» – деп қаулы қабылданды.
Мұхтар Әуезов төрағалық, Әбдiрахман Байдiлдин хатшылық еткен мәжiлiстiң шешiмi мынадай:
«2-ші Бүкіл қазақтың құрылтай кеңесі делегаттарының 1921 жылғы 4 қазан күнгі коммунист-қазақтардың мәжілісінің хаттамасы.
Қатысқандар: РК обкомының мүшелері ж. Меңдешев, Мырзағалиев және Асылбеков, Түркістан республикасының төрағасы т. Ходжаев, Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губернияларының делегаттары, жиыны 51 дам қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет