Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сондықтан өткен қатасы мен бүгінгі түзелуін салыстырып, содан сабақ алуға, бұл әңгімелер Мұхтардың өзіне де көп көмек істеуге тиісті



бет14/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Сондықтан өткен қатасы мен бүгінгі түзелуін салыстырып, содан сабақ алуға, бұл әңгімелер Мұхтардың өзіне де көп көмек істеуге тиісті.
СәбитМұқанұлы. Алматы, 8.УІ. 35 ж.»
Міне, осындай «үкілеумен» жарияланған «Ескілік көлеңкесі» кітабы екі жылдан соң Мұхтар мен Сәбиттің өзіне көлеңкесін түсіріп, сілікпесін шығарды. Оған, бұл жинаққа ілесе, 1936 жылы басылып шыққан «Қараш-Қараш оқиғасындағы» әңгімелер де үстемелей қосылды.
Ол қыспақты кезеңнің талқысы туралы әңгіме дербес тараудың еншісі.
Үлкен үмітпен, құтты қадаммен бастаған отыз жетінші жылдың күншуағы тез суып, дүлей тағдырдың дауылы соқты да кетті. Жеке басқа табынушылықтың кесірінен халық ең асыл ұлдарынан айрылып қалды. Оның екпіні Мұхтардың да тағдырын қатты шайқалтты. Үміттің орнына үрейді жолдас етіп, ұзақ түн көз ілмей, әрбір тықырға елеңдеген түндерді басынан өткізеді. «Сен әзірге жүре тұр. Әуелі аналардың шаруасын бітіріп алайық», – деп сұқ саусағын сұстана шошайтып, сес көрсеткен жандармен қатар өмірінің сонына дейін бірде тату, бірде қату боп, қатар жүрем деп ойлаған жоқ. Күні кеше ғана тел өскен үш бәйтерек құсап қатар жайқалған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің бетін тырнап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет