Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Алматы қаласындағы жазушылар жиналысы



бет28/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
«Алматы қаласындағы жазушылар жиналысы.
Осы жылы 7 сентябрь күнi қазақ педагогика институтының үйiнде Алматы қаласындағы жазушылардың жиылысы болды. Жиылыста қаладағы жазушылардан 35 адам қатысты. Жиылыста «Көркем әдебиеттегi зиянкестiктiң зардабын жою және тәрбиелеп өсiрiп, көтеру шаралары туралы» Қазақстан жазушылар союзының жауапты секретары Қаратаев баяндама жасады.
Халық жаулары Тоғжанов, Жансүгiровтердің және олардың ұялас күшiктерiнiң көркем әдебиетке iстеген зиянкестiгi жөнiнде баяндамашы ашып айтты. Қазақ жазушыларының арасында, әсiресе, басты жазушыларда болып келген саяси бейғамдық, есуастық, дерттi, либералдықты айтты.
БК(б)П Орталық Комитетiнiң февраль – март пленумы бiзге қырағы болуды, саяси бейқамдықтан, есуастық дерттен арылуды тапсырды. Халық жауларын тани бiлудi, капиталистiк қорғауды бiр минут естен шығармауды, большевизмге жетiлудi үйреттi.
БК(б)П Орталық Комитетiнiң февраль – март пленумының осы нұсқауын орындауға ойдағыдай кiрiскен болсақ, халық жауларының сырын әлдеқашан ашып, оларды бұдан бұрын әшкерелеген болар едiк, – дедi баяндамашы.
Баяндамашы, көркем әдебиетте болған зиянкестiктiң зардабын тезiнен жойып, көтеру шараларын айқындап айтып, жазушыларды, Сталин жолдастың нұсқауларын бұлжытпай орындауға, қырағылықты күшейтуге, халық жауларының сiлiмтiктерiн күнбе күн әшкерелеп отыруға, жауларға оқ боп тиетiн, халық сүйiп оқитын құнды шығармалар беруге шақырды. Жарыс сөзге шығып сөйлеген жолдастар, жеке жазушылардың дара басындағы кемшiлiктерiн сынады, сын, өзара сынды күшейту керектiгiн айтты.
Жиылыста сөйлеген Малдыбаев жолдас: Жазушылар ұйымында әлi нақты iстен сөз басым болып келдi. Ұйымның басындағы Мұқанов жолдас өз басында болған қаталарды әлi ашып айтқан жоқ. Ұйымның басшылары Алматы қаласындағы жазушыларды ғана бiледi. Оларға басшылық етудi әлi ойдағыдай қолға алған жоқ. Бiз жазушылар ұйымынан, оның басшыларынан облыс, аудандардағы қаулап өсiп келе жатқан жастарға нақтылы басшылық етудi талап етуiмiз керек, – дедi.
Әуезов жолдас: Халық жаулары Жүргенов, Тоғжанов искусство жұмысына қырсығын тигiзiп, зиянкестiк iстедi. Қазақтың советтiк искусствосын жоққа шығармақшы болды, өздерiн әдебиеттiң, искусствоның «генилерi» етiп көрсетуге тырысты, сол дұшпандардың сiлiмтiктерiнен тез арылуымыз керек - дедi» «Қазақ әдебиетi», 10 қыркүйек).
Иә, оның да төзiмi жұқарып, тiкелей жала жаппағанмен, көшке үн қосқан тұсы болыпты. Олай демеуге лажы да қалмаған. Сұрапыл толқын қақпайлап ерiксiз соған ілестіріп жіберген. Екiншiден, алғашқы екi адамның тағдыры әлдеқашан шешiлiп қойған. Зады, мынадай көзге көрiнбейтiн заңдылық байқалады. Белгiлi бiр саяси ағым, не науқан туралы кiм бiрiншi боп баспасөз арқылы пiкiр бiлдiрсе, сол ең алдымен «қара тiзiмге» iлiнiп, «тап жауының» қатарына қосылған.
Мұхтар неге сөйледi, сөйлесе де дәл осылай нығыздап айтуы нелiктен? Әлде, «дұшпандардың сiлiмтiктерi» деген тiркестер газетке есеп жазған адамның «творчествосы» ма? Қазбалап жатпаймыз мұны. Басы ашық мәселе – Мұхтар өзi сөз сұрасын, жоқ оны әдейi сөйлетсiн, бәрiбiр, қалайда осы сарында пiкiр бiлдiруi қажеттiлiк едi. Өйткенi оның әрбiр қылығы, қимылы, сөзi қатаң қадағаланып, жiпке тiзiлiп жүрген. Өзi де сынауы керек, оған да сын айтылуы керек. Дәл сол жиналыста Мұхтардан кейiн сөз алған Дихан Әбiлевтiң сөзiнен бұл жағдай анық аңғарылады. Себебi: кiнәсiз адам, күдiксiз кiсi болуы тиiстi емес-тiн.
Мәжiлiс былай өрбiдi:
«Әбiлев Дихан жолдас: Қазақстан көркем әдебиетi баспасының бұрынғы директоры Жаманқұлов жас жазушылардың шығармаларын баспай тастап отырды. Жастардың шығармаларын басуды соңғы кезекке қойып, кейiнгi планда қалдырды. Бiз Мұхтар жолдастан құнды шығармалар берудi талап етемiз. Мұхтар өзiнiң «Ескiлiк көлеңкесiнде» деген қате әңгiмелер жинағын бастырып iрi қате жасады. Бұл қатасын Мұхтар iсiмен түзеуi керек. Халық жаулары аударма жұмысында да зиянкестiк iстегенi мәлiм. «Евгений Онегиннiң» аудармасын қайта қарау керек», – дедi.
Осы пікір туралы Дихан Әбiлев бізге мынадай естелік айтып берді
«Дәл осы сияқты пiкiр айтып, жиналыстарда сөйлеу – ол кезде пәлендей оғаш көрiнбейтiн. Әрине, саяси айып тағып, әшкерелеудiң жөнi басқа. Бiр-бiрiмiзбен қырғи қабақ күн кешкен күннiң өзiнде ондайға дәтiң шыдар ма. Рас, мен Мұхтарды екi рет ренжiтiп алдым. Қаншама қимастықпен, сыйластықпен қарасаңда күнделiктi тiршiлiкте жиi араласқан соң бiрде болмаса бiрде жағдайдың еркiне бағынасың. Отыз жетiншi жылғы жоғарыдағы пiкiрден кейiн үй-iшiмiзбен бiрге демалыс орнында жаттық. Бұл сөздiң Мұхтардың көңiлiне ренiш ұялатпағанын содан-ақ бiлерсiздер. Әлi есiмде, 1939 жылы жазушылардың пленумы болды. Мен одақтың председателi ретiнде баяндама жасадым. Сөз арасында, жоғары жақтың арнайы нұсқауымен «Ескiлiк көлеңкесiнде» атты жинақты тағы да сынауға тура келдi. Шынын айтқанда, бұл жолы Мұхтар менi жақтырмай қалды. Ал, айтпасқа амалың қайсы. Арада жылдар өттi. Қайтадан араласып-құраласып кеттiк. 1949-1950 жылдары «Жұлдыз» журналының жұмысы талқыланып, мен кезектi баяндама жасадым. Сынадым. Сөз арасында «толыққанды, тың шығармаларды басудың орнына кейде «қыстырмалар» кiрiп кетедi» – дедiм. Журналда «Абай» романының екiншi басылымына қосымша ретiнде кiрген переселендер туралы тарау басылған. Соны мегзеп ем. Ел-жұрт «ол қандай қыстырма ?» – деп ерiксiз айтқызды. Мұхтар қолын бiр-ақ сермедi. Арада тағы да жылдар өттi. Москвада бес-алты ай паналаған Мұхтар елге қайтуға қамданды. Сондай қуанышты. Әңгiме арасында «Алтай жүрегi» романымның жайын сұрады. Әлi машинкаға бастырмағанмын. «Түнде оқып шығамын. Әкел» – дедi. Ертеңiнде мәз болып қарсы алып: «Москва баспаларына пiкiрдi өзiм жазып берейiн. Көркем дүние. Ал, ендi қайтадан достасамыз ғой», –дегенi күлiп. Мен әлдеқашан ұмытып кеттi ғой деп жүргем. Ұмытпапты. Мұхтардың ол мақаласы жиырма томдық шығармалар жинағында бар. Мiне, өмiр шындығы солай».
Калашников жолдас: «Жазушылар ұйымының жанындағы орыс секциясын кездейсоқ адамдар басқарып келдi. Жас жазушылардың еңбегiн ешкiм бағаламады. Ұлтшыл-фашист халық жаулары – орыс жастарын тiзгiндеп, қазақ жастары мен орыс жастарының арасында араздық өртiн салмақшы да болды. Ендiгi жерде орыс секциясының жұмысын жандандырып, өсiп келе жатқан жастардың шығармаларын басуды тездету керек, – дедi.
Қалмақан жолдас: Халық жауы Тоғжанов көптен-ақ мәлiм едi, бiрақ оған мезгiлiнде соққы бере алмадық. Тоғжанов қатардағы қазақ жазушыларын тiзгiндеп отырды, «сынағансып» соққы бердi. Көркем әдебиет баспасының бұрынғы бастығы Жаманқұлов Жансүгiровтің түкке тұрмайтын «Жолдастар» деген романын басып шығарды, – дедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет