Түсіндірме жазба



бет26/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
материал новый

«Шығармашылық» білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін, ойлауы мен қиялын қалыптастыруға, эмоционалдық-сезімдік аясын және эстетикалық талғамын дамытуға, өзінің ішкі жан-дүниесін көркем түрде жеткізе білуге, ойын және музыкалық-көркем әрекет арқылы өнер әлеміне баулуға жағдай жасауға бағытталған.

Осы жастағы балалардың бейнелеу өнерінің түрлі жанрларын бағдарлай білуі, мәнерлілік құралдарын түсінуі, шығарманың мазмұнын қабылдай білуі тиіс. Педагог балалардың картина бойынша әңгімелеп беру, халықтық сәндік-қолданбалы өнер шығармаларын, кітаптағы суреттерді, мүсінді қарастыру, дербес жұмысқа берілген уақытын реттеуі керек. Бір ұйымдастырылған оқу қызметінде  бейнелеу өнерінің 1 түрін беру ұсынылады. Көрсететін материал балалардың көз деңгейіне сай орналастырылады, жарық балалардың сол жағынан түсуі тиіс. Қарастырылатын шығарма арасындағы арақашықтық 1,5 м, 4,5 метрден алшақ  болмауы тиіс. Балалармен жұмысты қарастыру ұзақтығы

1 минуттан артық болмау керек.

Өнімді іс-әрекет түрлерін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда  келесі байланысты ескеру ұсынылады: заттық-12, затқа қарап салу- 5; мазмұнды- 10, сәндік- 10.

Музыкалық іс-әрекеттің жетекші түрі-ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлімі, әдістемелік тәсіл және дербес іс-әрекет түріндегі тыңдау, қабылдау болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың интонациялық-есту тәжірибесін қалыптастырудың тиімді тәсілдері:

-түрлі сезімдер мен көңіл-күйді жеткізетін музыкалық шығармаларды, бір жанрдағы қарама-қарсы шығармаларды салыстыру;

-«түс- көңіл-күй» карточкаларын қолдану;

-әуендерді табу;

-екі нұсқадағы орындауды салыстыру: жеке және оркестердің орындауындағы және т.б.

Барлық көрсетілген тәсілдер бір-бірімен үйлестіріліп, өзгертілуі мүмкін.

Бағдарламаға атақты казақ композиторларының өлеңдері енгізілген. Кіріктіру педагогқа балалардың туған жер, Қазақстан, республикада тұратын адамдар туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Музыка жетекшісінің ата-аналармен тығыз байланысы өте маңызды. Осы мақсатпен «Музыкалық этносандық» құруға кеңес беруге болады, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында отбасындағы ұлттық салт-дәстүрлерді жандандыруға ата-аналарды жұмылдыру.

«Әлеумет» білім беру саласыәлеуметтік ортаға бейімделе білуді қалыптастыруға, кез-келген ортада еркін өзара әрекет жасауға, Отанды сүюге, адамгершілік-рухани білім берудің бастапқы негіздерін дамытуға бағытталған.

Балаларды қарапайым жалпы қабылданған үлгілерді, құрдастарымен және ата-аналарымен өзара қарым-қатынас ережелерін орындауда  міндеттерді іске асыру  алуан түрлі іс-әрекет түрлерінде жүзеге асырылады: ұйымдастырылған оқу қызметінде, режимдік сәттерде, жеке жұмыста, мерекелерге дайындыққа қатысуда, мазмұнды-рөлді ойындарда және т.б. Бала ойнап жүріп, тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстарды және тәуелділікті орнатуға талпынады.

Жаңа  үлгілер мен мінез-құлық ережелерін меңгерудегі қиындықтар жөнсіз өзін-өзі шектеуді және шамадан тыс өзін-өзі бақылауды туғызуы мүмкін.

6-7 жастағы балаларда «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген патриоттық негізді қалыптастыру  мемлекеттік және ұлттық мерекелер арқылы халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулиды.

Жұмысты ұйымдастыру түрлері:оқып беру, бақылау, әңгімелесу, педагогикалық жағдаяттарды шешу, жобалық іс-әрекет, балалармен жағдаяттық әңгімелесулер және т.б.

Білім беру саласында басты назар табиғатқа  қатынасты және табиғаттағы адамның рөлін қалыптастыруға аударылады. Балаларды «Экология негіздерімен» таныстырғанда  заттар мен құбылыстар туралы білім беріп қана қоймай, табиғатқа қамқорлық қатынас дағдыларын, жер бетіндегі барлық тірі ағзалар бір-бірімен байланысты екенін сезінуді қалыптастыру керек.  Балалар табиғаттағы байланыстар мен тәуелділіктерді орната отырып, талдауға, салыстыруға, өздері білетін ақпараттарды  жалпылауға үйренеді.

Балалар өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық танытады, педагог жойылу  қаупі төнген өсімдіктер мен жануарларды атайды және сол себепті  олардың «Қызыл кітапқа» енгізілгенін әңгімелеп береді. Қызыл түс- әлемдегі барлық адамдарға түсінікті тыйым салу белгісі. Балаларға ата-аналарымен бірлесіп, өз өңірінің Қызыл кітабын құрастыруды ұсынуға болады.

Іске асырылудағы жүргізілетін жұмыс түрлері:ұйымдастырылған оқу қызметі, әңгімелесулер, заттық-кеңістіктік ортаны  жабдықтау, ата-аналармен жұмыс, ойын технологиялары.

Экологиялық мәдениет үлгілерін бекіту үшін балаларды  ауланы жинастыруға, оны көркейтуге, ағаштар мен бұталар отырғызуға, құстарды қоректендіруге баулу керек. Осы мақсатта келесі әдістемелік тәсілдер кеңінен қолданылады: бейнефильмдер қарау, экологиялық және дидактикалық ойындар, жұмбақтар, байқаулар, аукциондар, экологиялық викториналар, экологиялық мерекелер, өлеңдер мен әндер, мақал-мәтелдер жаттау және т.б.

Мектепке дейінгі жас  үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет