Түсіндірме жазба
Төменгі сынып оқушыларының білім, білік деңгейлерін арттыру, оқу бағдарламасынан тыс оқушының білім деңгейін толықтыру мақсатында қосымша сабақ ретінде қазақ тілі пәнінің бағдарламасынын басшылыққа ала отырып 1 сыныпта аптасына 1 сағаттан 33 сағатқа негізделіп «сөз маржаны» курсы алынды.
Күнтізбелік жоспарды құру барысында ойындар мен тренингтер, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер мен қызықты логикалық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың буындап оқу, жҥргізіп оқу, сурет бойынша сөз құрау, сөйлем құрау, әңгіме құрау, сөзжұмбақ шешу, қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек. Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту. Сөз маржаны негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |