|
Түсіндірмелі салалас құрмалас
|
Дата | 17.04.2017 | өлшемі | 8,97 Kb. | | #14003 |
| - Білімділік: Түсіндірмелі салаластың жасалу
- жолдары мен өзіндік ерекшеліктерін
- жете түсіндіру.
- Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы
- білім,білік дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік:Азиада олимпиадасымен байланыстыру арқылы
- ұлттық мақтаныш сезімдерін оята отырып,
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
- Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
- Сабақтың түрі:Практикалық жұмыс.
- Сабақтың әдісі:Талдау,тұжырымдау,салыстыру,
- шығармашылық жұмыс
- Сабақтың технологиясы:СТО.
- . Сабақтың жоспары:
- І.Қызығушылықты ояту
- Ұйымдастыру.”Алау қабылдау.”
- ІІ.Мағынаны тану.
- “Сөйлем түріне ажырату.”
- “Зерттеу” жұмысы
- “Салыстыру” жұмысы
- “Толықтыру” жұмысы
- ІІІ.Ой толғаныс.
- Бейнекөрініс. “Азиада жарнамасы”
- Эссе. “Алаш рухын аспандатқан Азияда .”
-
- 1.Бұл спорттық жарыс “Азиада” деп аталады және әрбір
- 4 жыл сайын өткізіліп отырылады.
- /Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем./
- 2.Азияда ойындары 1951 жылдан бері өткізіліп келе жатқанымен,
- біздің ел 1996 жылы алғаш рет қатысты.
- /Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем./
- 3.Қысқы ҮІІ Азиядада жеңіске жететінімізге сенімді болдық,
- себебі дайындығымыз өте жоғары болды.
- /Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем./
- 4.Азиядаға дайындық кезінде бірде сыннан қалай өтер екенбіз
- деген күдік мазаласа,бірде жүктелген сенімнің үрдісінен шығуға
- деген ұмтылыс жігерлендірді.
- / Кезектес салалас құрмалас сөйлем./
- 5.Тау барысын бойтұмар етіп алудың 2 мәнісі болды:
- біріншісі-қазаққа тән батылдық пен төзімділік қасиеттің болуы,
- екіншісі-тәуелсіз Қазақстанның бет-бедері ретінде танылып келуі.
- /Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем./
- Зерттеу
- 1.Азиада ҮІІ қысқы олимпиадасының өзгешелігі мынада-
- Азиада алауы Қазақстанның барлық облыстарын аралап келді
- және бір мезгілде екі қалада қатар өткізілді.
- 2.Азиаданың нәтижесі біз күткеннен де жоғары болды:
- 32-алтын, -күміс, -қола медаль иелендік.
- 3.Біздің медальдардың ерекшелігі сол-әдеттегідей дөңгелек емес,
- кристалл тәріздес дөңес.
- 4.Оның бедерленген таңбаларында да өзіндік сыр бар:
- ойындар төлтаңбасы мен ұлттық ою-өрнектермен айшықталған.
- Түсіндірмелі салалас
- 1.Алдыңғыдағы ойды,соңғысы
- толықтырады,айқындайды,түсіндіреді.
- 2.Құрамындағы сөйлемдер
- жалғаулықсыз байланысады.
- 3.Салаластың баяндауышы сілтеу
- есімдігінен,үстеуден болады.
- 4.Тыныс белгісі- сызықша немесе қос нүкте.
- 5.”Іліктес” не “анықтамалы” деп те атайды.
- “Салыстыру”
- жұмысын
- орындау.
- 1.Азиада ойындарынан біздің ұтқанымыз көп болды:..
- 2.Алғашқы алтынды олжалағанда қуанғаным сонша-
- 3.Азиада ойыны маған көп ой қалдырды:
- 4.Сайысты тамашалай отырып менің түйгенім мынау-
- “Алаш рухын асқақтатқан Азияда ”
- тақырыбында эссе жазу.
- Сабақтың тиімділігі:
- 1.Жаңа сабақты түсіндіруде оқушылар негізгі роль атқарды.
- 2.Барлық оқушыларды сабаққа қамтуға мүмкіндік алдым.
- 3.Өмірмен байланыстыру арқылы, таным белсенділіктері артты.
- 5.Спортқа деген қызығушылықтары оянды.
- 6.Эссе жазу арқылы, пікірлерін ортаға салып,
- өз көзқарастарын білдірді.
- 7.Белсенді тақтаны пайдалану арқылы уақыт үнемделді.т.б.
-
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|