Байланысты: 11 сынып.2сағ(төмендетілген оқу жүктемесімен) (1)
Түсінік хат 11 сынып "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта , жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" ( бұдан әрі МЖМБС) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы,
" Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы ( Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйегіндегі № 399 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) " 2022-2023 оқу жылында Қазақстан орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы " әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Негізгі міндеттері:
заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру;
зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;
қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады: 1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптарда «Химия»оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне оқумақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санындаайырмашылықтар бар.