2021-2022 оқу жылына арналған ана тілі пәнінен 1- сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары келесі құжаттарға негізделіп жасалынды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021ж 20 тамыздағы №415 бұйрығы (2012ж 8-қарашадағы №500 бұйрығы). 1 – қосымшасы 1-4 сыныптарға арналған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығы
Әліппе оқу бағдарламасы 1-сынып
Ана тілі оқу бағдарламасы 1-сынып
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 286 бұйрығы
2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (2021 жылғы 13 мамырдағы №5 хаттама).
31.08.2021-ғы № 444 Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:
дыбыспен жаттығу
оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту
әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу
Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
«Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек. І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин. Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-дан аспауы керек.