Түсінік хат Қазақстан тарихы



бет1/21
Дата25.08.2022
өлшемі0,55 Mb.
#148234
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2021-2022 ктп


Түсінік хат
Қазақстан тарихы

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);


2020/2021 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:


«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;


«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 494 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысын назарға ала отырып жасалған және де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы басшылыққа алынды.


1. Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына көмектеседі.


2. Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.
3. Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
2-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет