Түсінік хат
Жалпы орта білім беру деңгейінің 11 сыныпқа арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы "Физика" пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарды жасаудабасшылыққа алынған
Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық)
Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен)
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрық)
– «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);6 – «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
– «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
11 -сыныпта «Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
«Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
.
Достарыңызбен бөлісу: |