Түсінік хат Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы


-11-сыныптарына арналған«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет2/7
Дата19.12.2021
өлшемі50,36 Kb.
#103262
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып алгебра жаратылыстану бағыт

10-11-сыныптарына арналған«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынасәйкес әзірленген.

2. Жалпы орта білім беру (қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы)деңгейінде «Геометрия» пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаныңлогикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның бір тұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.

3. Мақсаты: практикалық іс-әрекетте қолдануға, басқапәндерді игеруге, білім алуды жалғастыруға қажетті математикалық білімді оқушылардыңмеңгеруі; жалпы адами құндылықтаржәне ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың зияткерлігін дамыту.

4. Міндеттері:



  1. Геометрияның бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  2. математикалық тіл мен негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету;

  3. әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге жәрдем беру;

  4. нақты процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді құру және интерпретациялау дағдыларын дамыту;

  5. әртүрлі теориялық облыстар мен практикалық іс-әрекеттерде зерттеулер және есептер шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын дамыту;

  6. логикалық және сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  7. коммуникативтік, әртүрлі дереккөздерден ақпаратты іздеу және қолдану дағдыларын дамыту;

  8. өздігінен, топта жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  9. қоғамныңілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;

  10. математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет