Түсінік хат Үйірме жұмысының мақсаты


ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР САНМЕН ОЙЫНДАР



бет10/17
Дата03.03.2023
өлшемі99,29 Kb.
#170945
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
yrme-zhmystary

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР САНМЕН ОЙЫНДАР
Жүз ойыны. Ойын ережесі. Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды. Біріншісі 1-ден 10-ға дейінгі бір санды атайды. Екіншісі оған 10-нан аспайтын бір санды қосады да, қосындыны айтады. Біріншісі оған 1-ден 10-ға дейінгі бір санды қосып, қосындысын атайды. Осылай кезекпе-кезек ойнау арқылы, кім 100-ді бұрын атаса, сол ойында ұтып шығады.
Әдістемелік нұсқау. Әуелі ойынды кезектесіп 2—3 пар оқушы ойнайды. Одан әрі мұғалім бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін алғашқыда қандай санды атауы керек еді? — деген сұраққа тірейді. Оқушыларды ойландырады. Жауапты мұғалім төмендегіше түсіндіру арқылы өзі береді.
Ұтыс сыры. Оны ойынның соңғы кезеңін талдау ашады. Бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін соңғы жүрісінін, алдында 89 = 100—(10+1) жүрісін жасауы тиіс, өйткені екінші ойыншы енді 100-ді бір жүріс арқылы шығара алмайды. Бірінші ойыншы бұрын 89—(10 + + 1)=78 санын атайды. Осылай талдау барысында бірінші ойыншы үшін ұтудын, тиімді сандары табылады. Олар: 100, 89, 78, 67, 56, 45, 34, 23, 12 және 1. Бұл сандарға зер салып қарасақ, олар бірінен-бірі 11-ге артық. Бұдан бірінші ойыншы 1-ді атайтындығы көрінеді. Ол екінші ойыншыны 12, 23, 34, … сандарына дейін толықтырып отырады. Мысалы, екінші ойыншы нәтижесі 7 болса, бірінші ойыншы оны 12-ге дейін толтыруы үшін 5-ті қосуы тиіс. Бірінші ойыншы бұдан басқа сандарды атаса, екінші ойыншы жүрісті ұтуына болады. Ол үшін екінші ойыншы жоғарыда аталған сандарға толтыруы тиіс. Ұтыс әдісін үйренгеннен кейін де жаттықтырулар жүргізіледі.
Оқу-тәрбиелік сипаты. Талдау мен салыстыру арқылы оқушыларды қорытынды шығаруға, есін дамытуға тәрбиелейді.
18 таяқша ойыны. 0 й ы н е р е ж е с і. Ойынды екі оқушы ойнайды. 18 таяқша үймесінен кезекпе-кезек 1, 2, 3 және 4 таяқша алуға болады. Әркім қанша таяқша алатынын өзі біледі. Соңғы таяқшаны кім алса, сол ұтады. Қалай жеңімпаз атануға болады. Ойлан.
Н ұ с қ а у. Алдыңғы ойындағыдай талдау арқылы қарсыласыңда 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек. Сонда соңғы таяқшаны өзің аласың.
О қ у – т ә р б и е л і к сипаты. Талдау, салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет