Түсініктеме – қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі. Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады



Дата30.12.2021
өлшемі24,5 Kb.
#106792
Байланысты:
Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу
Мамандықтар әлемі, 50fa4f88-0999-498f-a7dc-4a4ac9e68a1c, ашық сабақ, жол тәртібі қмж


Түсініктеме – қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі.

Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады.Онда кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат түрі, күні, нөмірі көрсетіліп, тақырыбы, мәтіні жазылады, қолы қойылады. Түсініктеме қосымшалар тіркелуі мүмкін.



Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.

Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады – ұсыныс, қорытынды болмайды.

Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.

Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі. Актіні жеке адам (тексеруші – ревизор, сарапшы - аудитор) толтыруы мүмкін.

Актіде мынадай деректер болады: кәсіпорын атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екені туралы белгі, қолы.



Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады.

Актіні мәтіні екі бөліктен: кіріспеден және белгілеуші бөліктен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет