ТҮсініктеме ақпарат



бет2/7
Дата10.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#13659
1   2   3   4   5   6   7

А) Операция жасау: Кейде баланың тіл кемістігі артикуляция аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Таңдай мен еріннің, тістің көмегімей айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен дауыстың мұрын арқылы шығып мылқаулануы осындай кемшіліктің айғағы. Мұндай жағдайда таңдай мен еріннің тілінген жерін операция жасап тіккеннен кейін дыбыстардың жақсы, әрі анық естілуіне орай арнайы логопедиялық жұмыс жүргізіледі.

В) ІІротездеу: Кей жағдайда таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен жауып қояды.

Есту мүмкіндігі төмендеген жағдайда да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала басқа кісінің сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есту аппаратының немесе есту протезінің көмегін пайдаланады.



В) Жақ сүйегін түзету және реттеу. Жақ сүйектер мен тістердің құрылысының түзелуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер мен жақ сүйектерін реттеп түзеткенде ауыртпайды сонымен қатар жақсы нәтижеге жетеді.

Г) Дәрі - дәрмекпен емдеу: дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы да басқа жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын нығайту үшін дәрігер –терапевт қажетті режим мен дәрі - дәрмек қабылдауды ұсынады.

Д) Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.

Физиотерапия ағзаны жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.

Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасына сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысылы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтарды түзету.

Психотерапиялық жұмыстың міндеті түсіндіру, көндіру, әңгімемен ұйыту арқылы жағымсыз мінездерді өзгерту болып табылады. Кейде психотерапияның бір түрі гипноз да қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы сыньштағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.

Логопедия педагогика, медицина, лингвистикамен тығыз байланысты.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):
1. Ресейдегі тіл мүкістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқулықтарды талдай отырып, біздің оқулықтармен айырмашылығын анықтау.

2. Педагогикалық газет – журналдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетуге арналған мақалаларды талдау.


Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ)

1. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын қарастыру.

2. Мектеп жасына дейінгі бапалардың тіл кемістігі жайында зерттеулер жүргізген авторлар жайында мәліметтер дайындау.
Қолданылатын әдебиеттер:

1. Каффеманас Р.Б. сравнительное исследование осязания у аномальных детей разных категорий.. дефектология, 1991, № 5

2. Кулагин Ю.А., Лубовский В.И., Петрова В.Г. Изучение психического развития аномальных детей. //Дефектология, 1988, №6.
Лекция №4
Логопедия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Лекцияның мақсаты:
Болашақ мамандарға логопедия ғылымының басқа

ғылымдармен байланысы туралы теориялық мағлұмат беру.


Лекцияның жоспары:
1. Логопедия педагогика, жалпы және арнайы педагогика, медицина, лигвистикамен тығыз байланыстылығы.
Лекцияның барысы:
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симтоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Логопедия педагогика, жалпы және арнайы педагогика, медицина, лигвистикамен тығыз байланысты.

Медицина ғылымының ішінде логопедиямен тығыз байланыстысы: патофизиология, патология, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия. Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуында зерттейді.

Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытындыны дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін кажет.

Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы баланы психолого – педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана білу қажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл кемістіктерін ой - өрісінің жеткіліксіздігінен немесе көңіл-күйі және мінез-құлқының бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен ажыратуға болады.

Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның психологиялық ерекшелігін еске алу қажет. Логопедия жұмысының нәтижелі болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауына көп байланысты. Ол тек оның ынталылығының ықыласының, ойлауының, қимылының, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп әрдайым дербес қараған жағдайда ғана жүзеге асады.

Логопедия сабағының нақты жүйелілігі, жоспарлылығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер баланың жасына қарай пайдаланылады.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігінің ерекшеліктерін талдау.

2. Логопедия ғылымында қолданылатын психологиялық, педагогикалық әдістерді анықтау.
Студенттердің өздігінен орындайтын ұүмысы (СӨЖ):

1. Оториноларингология, невропатология, олигофренияғылымдары жайында мағлұматтар жинау.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларға жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық талдау жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Л.О.Специальная психология. Алматы, 1995

  2. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Особенности психофизического развития детей с особыми потребностями. Алматы, 1999


Лекция 5
Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және оның дамуы.
Лекцияның мақсаты:

Диалогиялық монологиялық сөйлеу, жазбаша тіл, сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары жайында теориялық білім беру.



Лекцияның жоспары:

1. Диалогты және монологты сөйлеу.

2 Жазбаша тіл.Сөйлеу тілі дамуы.
Лекцияның барысы:

Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық әне монологиялық деген екі тұлғасы кіреді.

Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамдардың тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.

Монологиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелілікпен дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре топтастыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа қарағанда монолоиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.

Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнеленуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинақтайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың бесенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының бірінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді,5 – 6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді. Бала ең алдымен дұрыс айтуға жеңіл дыбыстарды –дауысты және ерінді,дауыссыз п, б, м, я, в, т дыбысты меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбысарды, сонымен бірге р, л дыбыстарын айту қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, себебі ондай мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.

Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен жеткізеді.

Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, әртүрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да маңызы бар. Бұнда мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептегі педагогтардың ролі үлкен.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы(СОӨЖ):

1.Сөйлеу тілі дамуының түрлерін талдау.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың енжар және белсенді сөздіктерін талқылау.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

1.Жазбаша тіл, үнсіз тіл, ішкі сөйлеу тіліне анықтама беру.

2.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды сауатты талдай білу.

3.Ерінді – тіс аралық, ысқырық дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуде қолданылтын тәсілдерді үйреніп келу.


Қолданылатын әдебиеттер:
1.Зайцева Г.Л. Современные научные подходы к образованию детей с недостатками слуха: основные идеи и перспективы // Дефектология, 5с.52-70.

2.Ж.И. Намазбаева Л.О. сәрсенбаева Особенности психофизического развития детей с особыми потребностями. Алматы, 1999.

3. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных дефектов // Дефектология 2000 №3.

Лекция №6
Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық механизмі.
Лекцияның мақсаты:

Болашақ мамандарға сөйлеу процесіндегі анатомиялық және физиологиялық механизмін ұғындырып, сөйлеу және есту процесіне қатысты ми қыртыстары жайында мағлұмат беру.


Лекцияның жоспары:

1. Орталық сөйлеу аппараты.

2. Шеткі сөйлеу аппараты.

3. Вернике, Брок орталығы.

4. Сөйлеу аппаратының артикуляциялық бөлімі.
Лекцияның барысы:

Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.



Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан (сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.

Адам сөйлеу үшін мидің әртүрлі бөлігі қатысады дегенмен де ми қыртысының кейбір боліктері басты рол атқарады. Олар:ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігінде орналасқан (төменгі қыртысында) Брок орталығы, адамның дауыс шығару процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан. Осыған байланысты адам басқа дамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.

Ми қытысының төбе бөлігі де естіге сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқн көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек адамдардың сөйлеген кездегі оның бет аузының қимылын көзбен көріп бақылау арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы асындағы ядролар адамның сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.

Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:

1. Демалу бөлігі;

2. Дыбыс бөлігі;

3. Дыбысты құбылтып - өзгерту бөлігі.

Демалу бөлігінде адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі адамның сөйлеу процесі демалып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, әшейін кездегі демалумен салыстырғанда адамның сөйеген кездегі демалуы өзгеше болады. Ересек аамдар бір минутта орта есеппен 16 – 18 ре демалып,дем шығарса ,сөйлеген кезде бар жоғы 8 – 10 рет дем алып, дем шығарады екен.

- сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп жұтады;

- ауыз арқылы дем алу ;

- сөйлеген кездегі малу процесіне диафрагма да қатысады.

Адамның сөйлеу қабілеті бқұзылып:дизартрияға,ринолалияға және тұтықпаа шалдыққанда ,оның дем алып ,дем шығару процесі де бұзылады.

Дауыс бөлімі дауыс қыртыстары бар көмекейден тұрады.



Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құраған кең де қысқа түтікше,көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Үстіңгі жағында жұтқыншаққа, ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдаында жалғасып жатады.

Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей көмекей қуысына түспейді. Көмекей ішідегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады.

Адамның даусы (фоноция)қалай шығады?

Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір – біріне қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әр түрлі дірілге түсіріп ,қозғап, соған байланысты әртүрлі дыбыс шығарады. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір болігі ғана қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке – жуандығына және тембріне қарай бөлінеді. Дауыстың жіңіке – жуандығы сіңірлерінің ұзыдығына, жуандығыа және керілу дәрежесіне тікелей байланысты. Ал ауыстың тембірі көмекейдің формасының, көлеміне және құрылысына байланысты.



Сөйлеу аппаратының артикуляцияық бөлімі.

Артикуляция дегеніміз әрбір дыбыс шығарудағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы.

Артикуляция аппаратының ұрамына мұрын және ауыз қуыстары және көмекей кіреді.

Артикуляция оргадары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге бөлінеді. Белсенді ағзаларға тіл,төменгі жақ сүйектер, ері және жұмсақ таңдай жатады. Енжар органдарға тіс, таңдай сүйектері, жоғарғы жақ сүйектері жатады.



Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы(СООЖ):

1. Орталық сөйлеу аппаратының орналасу қалпына және Брок, Вернике орталықтарына талдау жасау.

2. Шеткі сөйлеу апппаратының атқаратын қызметіне тоқталып, көмекей фоноция яғни адам дауысының шығу түрлеріне тоқталу.
Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

1. Артикуляция дегеніміз не? Шеткі сөйлеу аппаратына қандай бөліктер кіреді және оның атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарға жауап беру.

2. Әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпын, белсенді және енжар ргандарды айыра білу.

3. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктерін атаңдар.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Лебединская К.С, Никольская О.С Дефектологичские проблемы раннего детского аутизма.//Дефектология ,1988,№2.

2. Лубовский В.И Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии .// Дефектология ,1987,№5,7


Лекция 7
Тіл кемістігі және оның себептері.

Тіл кемістіктерін топтастыру.
Лекциянын мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаладың сөйлеу тілінің бұзылуы себептерін анықтап,оны болдырмау жолдарын үйрету. Жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыра білу.
Лекцияның жоспары:
1.Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы;

2.Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері.

3.Органикалық тіл кемістіктер

4.Функциональды тіл кемістігі.


Лекцияның барысы:

Тіл кемістігі деп - сөйлеу қабілетінің психафизиологиялық механиімің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:

1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;

2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;

3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.

4. Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.

5. Тіл білмейтін – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизімінің ақаулықтарымен байлаысты.

Бұл ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.

Баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептері:

1. Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және басқада аурулар әсер етуі мүмкін;

2. Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;

3. Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;

4. Бала сүйегінің жарақаттануы;

5. Тұқым қуалаушылық факторлар;

6. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.

Осы атап өтілген себептер ерекшеліктеріне қарай табиғи және функциональды болып екіге бөлінеді.

Тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуына алалия, афазия сонымен қатар тіл мүкістіктерінің кейбір түрлері жатады.

Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелері дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тілдыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуенінің бұзылуы. Синонимдері: мұрыннан сөйлеуі.

Дизартрия – жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетнің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс шығару мүмкіншілігінен айрылады

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеу ырғағының және сөйлеу жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық және функционалдық болып екіге бөлінеді.

Брацилалия – сөйлеу тілінің қалыптан тыс баяулауы. Шапшаң сөйлеген кезде өздігіне кідіріп, мүдіріп,тоқтап қалу полтрн деген терминмен белгіленеді.

Дисфония – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеруінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, дауыстың шаршағыштығы, қырылдап, сырылдап бәсең шығуы.

Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымдануының әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.

Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Мидың жарақаттануы, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады.

Жазбаша тілдің бұзылуы.

Жазбаша тілдің бұзылуы екі топқа бөлінеді:


  1. Дислексия – оқу процесінің жартылай бұзылуы.

  2. Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.

Оқу процесі қалыптаспаған жағдайда аграфия деп атайды.

Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның біріңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуын екі топқа бөлінеді:

Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетика – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.

Екінші топ – қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы. Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістікте болуы мүмкін.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

  1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, ринолалия, дизартрия, брацилалия, алалия, афазия ауруларына талдау жасай отырып, олардың бір – бірінен айырмашылығын анықтау.


Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

1. Балалардың дисграфия мен дислексияға шалдығуының себептері туралы конспекті жасау;

2. Баланың дисграфиясы мен дислексиясын қалай анықтауға болады.

Дисграфиялық және дислексиялық қателердің түрлері туралы айтуға дайындалу.


Қолданылатын әдебиеттер:

Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., 1996


Лекция 8

Дислалия
Лекцияның мақсаты:
Болашақ мамандарға дислалия ауруы жайында мағлұмат беру. Дислалия ауруының пайда болу себебімен, оның түрлерін таныстыру. Өзге аурулармен айырмашылығын айыра білуге үйрету. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен фонематикалық түйсіктің арасындағы байланысты түсіндіру.
Лекцияның жоспары:


  1. Механикалық (органикалық) дислалия, оның себептері.

  2. Функционалдық дислалия, оның себептері.


Лекцияның барысы:
Дислалия гректің Dis – бұзылу, Logos – сөйлеу деген сөздерінен құралған.

Дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.

Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық дислалия болып екіге бөлінеді.

Механикалық (органикалық) дислалия, оның себептері.

Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық және оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады.

Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.

Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістер мен қабысқанда дәлме – дәл тістер қиылысып, тістескенде тістену дұрыс болмай шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады.

Кемиек (прогнатия) – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді.

Опырауыз (прогения) – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің тістенбеуі сол жақтың және оң жақтың қабыспауынан болады.

Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулық пайда болады. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады.

Стомотолог – дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5 – 6 жастағы балаларға қойылған шинаның әсері өте күшті болады.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді.

Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің солпиып тұруы немесе қысқа әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, еріндік дыбыстардың айтылуына кедергі келтіреді.

Функционалдық дислалия, оның себептері.

Функционалдық дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа тілмен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ.

Функционалды дислалияның кең тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден болып табылады. Қорытындысы көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.

Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша сөйлеу тілі дұрыс қалыптасқан балаға сөйлеу тілінде ақаулығы бар баламен әрдайым қарым – қатынас жасаудың да зияны бар. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді. Балаға түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың арасында көп болудың өзі зиян.

Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады.

Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себебінен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлдем көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.

Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір – біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды және ысқырық дыбыстарды айтқан кезде.

Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауынан пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орнын алмастыра алмайды.

Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10 % - на дейінгілердің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде байқалады.

Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл – ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл – ойы кеміс балалардың 55 % - нан көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

  1. Механикалық дислалияға сипаттама беру, талқылау.

  2. Функционалдық дислалияның шығу себептеріне талдау жасау.


Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

  1. Дислалияға шалдыққан балаларды емдеуге арналған әдіс – тәсілдерді анықтап конспекті жазу.

  2. Кемиек, опырауыз ауруларына Ресей педагогикалық журналдарынан толықтырулар жасау, оны емдеу жолдарын қарастыру.

  3. Функционалдық дислалияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыс жоспарын жасау.

  4. Сигматизм, ротоцизм, ламбдацизм, каппацизм, гамматизм, хитизм дыбыстарын дұрыс айттыруға арналған жаттығуларды өздіктерінен үйрену.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Белоус А.И. Исследование соотношения приемов логического запоминания у детей дошкольного возраста // Воспитание, обучение и психическое развитие. – М., 1983

  2. Рихтермая Г.Л Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста. – М., 1978

  3. Усова А.П. Обучение в детском саду. – М., 1981


Лекция № 9
Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.
Лекцияның мақсаты:
Дыбыс айту кемшілік түрлерін ұғындыру, тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігін анықтау, болашақ тәрбиешілердің тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізе білу қабілетінің керектігін ұғындыру.
Лекцияның жоспары:

  1. Дайындық кезеңі

  2. Дыбыстарды қою кезеңі

  3. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған тәсілдер.


Лекцияның барысы:
Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді.

1. Дайындық кезеңі;

2. Дыбыстарды қою кезеңі;

3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;

4. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.

Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланы түзету жұмыстарына ынталандыру, саналы түрде берген тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату мақсаты жатады.

Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.

Дыбыстарды қою кезеңі. Бұл кезеңде негізігі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естіген, көрген дыбыстарын қайталауға талпынады. Екінші тәсіл құралдардың немесе саусақтардың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасайды. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіріледі. Үшінші тәсіл аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша түсіндіру арқылы қажетті әріпті мейлінше толық және дәл айтуға көмектеседі.

Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды.

А ) бала мен логопедтің бетін қатар көрсететін үлкен айна;

Ә ) шпательдер мен зондылар, тазалық құралдары;

Б ) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;

В ) тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар;

Г ) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;

Д ) түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап;

Е ) әр сыныпқа арналған оқу материалы бар кітап.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):



  1. Артикуляциялық аппараттарды дұрыс қалыптастыру үшін жасалынатын арнайы жаттығуларды жасау, фонемаларды дұрыс айту кезеңінде қолданылатын тәсілдерді талдау.

  2. Ғалым М.Е. Хвецевтің дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері жайында пікір алмасу.


Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

  1. Дыбыс айту кемшілік түрлерін атау және кейбір дыбыстардың артикуляциясына сипаттама бере білу.

  2. Ызың дыбыстарды айтудағы кемшілік түрлерін түзетуге арналған сабақ жоспарын жасап келу.

Дыбыстарды қоюдың тәсілдерін жинақтап талдау.
Қолданылатын әдебиеттер:

1. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных дефектов. // Дефектология, 1994 № 4



Лекция № 10

Дизартрия
Лекцияның мақсаты:
Студенттерге дизартрия ауруы жайында теориялық білім бере отырып, аурудың бірнеше түрлерінің ерекшелігімен таныстыру. Оның мектеп жасына дейінгі балаларда пайда болу себебімен, ауруды болдырмаудың жолдарын түсіндіріп, ауруға шалдыққан балалармен жұмыс жүргізудің әдістерін үйрету.
Лекцияның жоспары:


  1. Дизартрия ауруына жалпы сипаттама.

  2. Дизартрияның түрлері.

  3. Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру.

  4. Түзету жұмысының негізгі бағыты.


Лекцияға керекті құралдар: Дизартрия ауруына шалдыққан балалардың суреті.
Лекцияның барысы:
Дизартрия дегеніміз сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылу кемістіктері.

Дизартрия гректің артрон – мүшелену және бөлшек, дис – бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айқын сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.

Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу шапшаңдығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады.

Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисындасып жинақталуына, кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтың пайда болған уақытына байланысты дәрежеде көрінеді.

Клиникалық, психологиялық және логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.

Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әртүрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануының әсерінен болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның оттектің жетіспеушілігінің, екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайлардың көбіне бала туылған кезде асфиксия пайда болады және шала туады.

Дизартрия резус – фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфекциялық ауруға шалдығуының әсерінен де дизартрияға шалдығуы сирек кездессе, сал ауруына шалдыққан балаларда жиі кездеседі. Е.М.Мастюкованың берген мәліметі бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65 – 85 – і дизартрия болады екен.
Дизартрияның түрлері.

Сопақша ми дизартриясы. Сопақша ми дизартриясы артқы ми құрамына кіретін сопақша мидың қабынуы немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері (ядролар) бұзылады.

Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің, жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуы мен шайнауы қиындайды. Дауыс жұмсақ таңдайдың дұрыс жетілмеуінің себебінен әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де, айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.

Дизартрияға шалдыққан балаларда тілдің және жұтқыншақтың бұлшық еттерінің күш – қуатының әлсірейтіні байқалады және міңгірлеп өте түсініксіз, көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизартриясына шалдыққан баланың бет әлпеті келіссіз келеді.

Ми қыртысы асты дизартриясы. Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы дизартриясы бұлшық еттер күш – қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады.

Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді. Бала ойнау барысында, жақындарымен немесе көңіл – күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесі кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді және қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ артынша сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады, тілі тартылады, дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып – жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез – тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп – бөліп айтады. Сонымен қатар, дауысының күші мен саздылығы бұзылады.

Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы, ырғағы, сарыны, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады. Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарының асқынып кетуінің салдарынан есту қабілетінің нашарлауына әкеп соғады.



Мишық дизартрисы. Қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады. Мишық дизартриясы балаларда сирек кездеседі.

Ми қыртысы дизартриясы. Дизартрияның басқа түрлеріне ұқсас болып келеді. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің дыбыстардың айтылу кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясында дыбыстардың айтылуындағы көріністер алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық – дыбыстық айтылуы бұзылады. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздердің құрамындағы сол дыбыстардың орындарын шатастырады. Әсіресе тіркесіп келетін дауыссыз дыбыстардың қатары бұзылып, жылдамдатып тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады.

Ми қыртысы дизартриясының алалиядан айырмашылығы сөйлеу тілінің лексико –грамматикалық құрылысының дамуында бұзылатындығы байқалмайды. Ми қыртысы дизартриясын дсилалиядан айыруға болады. Бұндай балалар сөйлеген кезде бір дыбыстан екінші дыбысқа өтуі қиындайды.



Жалған сопақша ми. Бұл балаларда жиі кездесетін ақаулықтың бір түрі. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жас кезіндегі, ананың босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы энцефалит, құрсақ зақымы, ісік, тағы да басқа ауруларға шалдығуының салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінен пайда болады. Жалған сопақша ми сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалады, қақалады, нашар жұтады. Аузынан сілекей ағып, беттің бұлшық еттері бұзылады.

Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл, орташа, ауыр түрі болып үшке бөлінеді.

1. Жалған сопақша мидың жеңіл дәрежесі сөлеу тілі мүшелерінің қозғалыс қимылында өрескел бұзылуларының болмайтындығымен сипатталады. Сөйлеу тілі мүшелерінде кездесетін кемістік баланың тілі мен еріндері салбырап жай қимылдайды және бағытын дұрыс ұстай алмайды. Баланың сирек шашалатындығынан оның шайнап және жұтына алмайтындығы білінбейді. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі ж, ш, р, ц, ч дыбыстарының айтылуында жиі қиналады. Дизартрияның жеңіл дәрежесінде балалардың көпшілігі дыбыстық талдауда біраз қиындықтарды көреді. Кейбір өзгешеліктерді балаларды өте мұқият тексергенде ғана анықтауға болады, оның өзі көзге түсетіндей сипат бермейді.

2. Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіндегі балалардың көптеген топтары бар. Бұл кемістіктің ерекшелігі беттің бұлшық еттері қимылдамайды. Бала ұртын ауаға толтырып бұртита алмайды, еріндерін алға созып немесе жымқырып қыса алмайды. Тілі нашар қимылдайды. Бала тілінің ұшын жоғары көтере алмайды, оңға, солға бұра алмайды. Бұрынғы қалпында ұстап тұра алмайды. Бір қимылдан екінші қимылға ауысу едәуір қиын. Жұмсақ таңдай нашар қимылдайды, дауысы ыңылдап естіледі. Шайнауы мен жұтуы қиын.

Баланың сөйлеу тілі өте түсініксіз, көмескі жай естіледі. Еріндерінің нашар қимылдауының салдарынан сөйлеу тілінде дауысты дыбыстар дұрыс айтылмайды. Ауыздан шығатын ауа ағыны нашар сезіледі. Нәтижесінде жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің түсініксіз болатындығы соншалық, олардың тіпті сөйлеуге де құлқы болмайды. Сөйлеу тілінің жетілуінің кешігуіне байланысты бұндай жағдайда баланың адамдармен қатынас тілінің тәжірибесі өте кем болады. Бұндай балалар жалпы білім беру мектебінде үлгеріп оқи алмайтындықтан, сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арнайы мектеп ашылған.

3. Жалған сопақша ми дизартриясының анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдануы мен сөйлеу тілі мүшелерінің мүлдем жұмыс істемейтіндігімен сипатталады. Анартрияға шалдыққан баланың бет – түрі өлі бейнеге ұқсас болады. Астыңғы иегі салбырап, аузы әрқашан ашық жүреді. Тілі ауыздың ішінде жалпағынан созылып, қимылсыз жатады. Еріндері болар – болмас қимылдап, шайнауы мен жұтуы қиындайды. Сөйлеу тілі мүлдем жоқ, кейде жекелеген бір дыбыстарға ұқсаған үн шығарады.

Ақыл – ойы жақсы жетілген анартриялық балалар да сөйлеу тілі қатты бұзылған арнайы мектептерде оқи алады, сонымен бірге арнайы логопедиялық тәсілдердің жәрдемінің арқасында жазуға дағдылануды және жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламасын ойдағыдай меңгереді. Жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың барлығына тән қасиет сөздің құрамындағы дыбыстарды айтылуында алмастырғанымен буындардың реттік санын және екпінін сақтайды. Қағида бойынша олар екі – үш буындық сөздерді айтуды меңгереді, ал төрт буындық сөзді жалпылама үстірт қана қайталайды.

Баланың сөйлеу тілін сөздің құрамында қосарланып келген дауыссыз дыбыстардың айтылуы қиындық туғызады. Бала бұндай сөздерді айтқанда бір дауыссыз ( алтын – атын ) немесе екі дауыссыз да ( семсер – сер ) түсіп қалады. Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуының қиындығынан айтылуында бір буыннан екіншісіне өткен кезде сол буынға ұйқастырып буынның тұлғасын өзгертіп айтатын жағдайлар да кездеседі.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

1. Дизартрияға шалдыққан балалармен жұмыс түрін атап, оның бала үшін тиімділігін дәлелдеу.

2. Дизартрияға шалдыққан баламен үйдегі жүргізілетін жұмыс түрін талдау.

3. Сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексеру үшін, оның құрылысының ерекшеліктерін және ақаулықтың анатомиялық сипатын талқылау.



Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

1. Балаларда болатын дизартрия түрлерінің ерекшеліктері жайында конспект жасау.

2. Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуына, артикуляцияның бұзылуының ықпалын қалай түсіндіруге болады деген сұраққа жауап іздеу.

3. Дизартриямен ауыратын балаларға логопедиялық жәрдемнің түрлерін атау.

4. Дизартрия ауруына жүргізген ТМД елдеріндегі ғалымдардың зерттеулері жайында мәлімет жинау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Лубовский В.И . Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии. // Дефектология, 1997, № 5, 7

2. Зайцева Г.Л Современные научные подходы к образованию детей с недостатками слуха: основные идеи и перспективы // Дефектология, 5 С 52 – 70
Лекция № 11

Тұтығу
Лекцияның мақсаты: Болашақ мамандарға тұтығу ауруы жайында дәріс бере отырып, тұтығудың шығу себептерін түсіндіру. Бала өмірінде дұрыс келе жатқан тәрбие процесіне тигізетін кері әсері мен түрлерін таныстыру. Тұтығудың дәрежелері және тұтығатын балаларды тексеру, түзету жұмыстарының негізгі принциптерін үйрету.
Лекцияның жоспары:


  1. Тұтығу ауруына сипаттама.

  2. Тұтығудың түрлері, бөлінуі, дәрежесі.

  3. Тұтығатын балаларды тексеру.

  4. Түзету жұмыстарының негізгі принциптері.


Лекцияға керекті құралдар:

Тұтығу дәрежесіне қарай балалардың дауыстары жазылған үн таспа.


Лекцияның барысы:

Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды. Айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым – қатынасын қиындатады.

Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады. Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек еттері, диафрагма, ішкі еттер) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болады.

Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылуымен анықталады.

Балалардың тұтығуының таралуы XIX ғасыр аяғында психиатор И.А.Сикорский алғаш рет 2 – мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады. Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2 % - ы тұтығады.

Тұтығудың пайда болуы себептері этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

1. Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2 – ден 5 жасқа дейінгі балаларда сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеуі қалыптасу кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі. Тұтығудың бұл түрі орталық және шеткі нерв системасының органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

2. Ал органикалық тұтығу орталық нерв системасының органикалық зақымдануынан болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездеседі. Функционалды тұтығудың себептері әр түрлі болады. Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі, яғни қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді қайталау, көлемі үлкен, мазмұнды өлеңдер, баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау болып табылады. Мұндай жағдайда баланың нерв системасына шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындықпен айтылуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталануына әкеп соғады. Кейбір балаларда тұтығу дыбыс айту кемшіліктерінің салдарынан пайда болады. Сөйлеу тез және тосынан болғандықтан да тұтығу болуы мүмкін. Себебі бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды айтар кезде кідіріп қалады да, тұтығу басталады. Бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар, баланы қатал жазалау, қорқыту да баланы тұтығуға әкеп соқтырады. Еліктеушілікке байланысты да тұтығу пайда болады. Бірақ аталған себептер барлық балаларда барлық жағдайда тұтығуды болдыра бермейді.



Тұтығудың білінуі. Тұтығу кейде аяқ астынан пайда болады, кейде білінбей жүріп, бірте – бірте күшейе береді. Ол ішкі және сыртқы тітіркену мен жүйке ауруларының сипатына байланысты кезекпен бірде бәсеңдеп, бірде күшейеді. Сөйлеу жағдайы жалпы физикалық және эмоционалдық ортасымен тығыз байланысты. Мысалы, тұтығу ауырған кезде, шаршағанда, баланы жазалаған соң күшейеді. Сол сияқты ауа – райына, жыл мезгілдеріне, өмір талабына, тамақтануға да байланысты. Сөйлеу кезінде тыныс алу, дыбыстың немесе артикуляциялық аппаратының пайда болған тырысу тұтығудың негізгі сыртқы белгісі болып табылады.

Тұтығудың белгілері. Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Бұлшық еттерінің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады.

Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ – қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әртүрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шалқайту, саусақтарын қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру. Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адамда сөйлеуін жеңілдету үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығудың белгілерінің барлық баяндалған түрлері тұрақсыз, өзгере береді. Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқ астынан тоқталып қалады.

Ілеспелі қимыл–қозғалыстар да тұрақсыз, бірі жоғалып кетеді де оның орнына жаңа түрі пайда болады.


Тұтығудың жағдайы үнемі ауысып отырады. Мысалы: бір бала бір уақытта қатты тұтығып немесе жақсы сөйлеуі мүмкін. Тұтығатын бала жалғыз өз ойыншықтармен ойнағанда, жақын адамдармен тұгықпай сөйлеседі. Ал басқа адамдар оған басқаша әсер етеді, яғни жақын адамдарымен сөйлескенде, ол өзін еркін сезінеді, сондықтан тұтығу аз болады. Бөтен адамдар арасында әңгімелесуде бала қорқуы мүмкін немесе ұялады, сөйтіп тұтығуы күшейеді.

Кейбір тұтығатын балаларда дене қимылдары (моторика) бұзылады. Б.И.Шостак тұтығатын балаларда жүріс – тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздікті, қозғалысындағы нашар үйлесімділікті байқаған.



Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударуы жатады. Осыған байланысты тұтықпа балаларды үш топқа бөлуге болады: ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді, ұстамдылықпен қарайды.

Тұтығу үш дәрежеде ажыратылады: жеңіл, орташа, ауыр түрі. Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтықса – ол жеңіл түрі. Тұтықпаның орташа дәрежесіне бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады, бөтен адамдар арасында түтықпа күшейеді. Ауыр түріне бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.



Тұтығудан айықтыру әдістері.

Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада дәлелденіп отыр.

Тұтығуға комплексті әсер ету мынадай бағыттардан тұрады.


  • Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасьның функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

  • Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланың тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру.

Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-аналарын қатыстыра отырып, баланың көңілін аударуын бөлу, белгілеу.

  • Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойынша (8-9 ай), жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, ауыр, күрделі түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.

  • Логопедиялық ритмика (ырғақ). Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғактар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзің–өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

  • Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету-тәрбие жұмыстараның барлык кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет. Сабақтардың әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуге қолдау жасап, түбінде толық болатыны, яғни тұтығудан біржола айығып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек.

Тұтығудан жазылу үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады. Баламен бірқалыпты қарым–қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін мадақтап отыру қажет. Сол сияқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен шынығудьң тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

1.Тұтығатын балалармен жүргізілетін логопедиялық тексерудің бағыттарын талқылау.

2. Қазіргі кездегі тұтығудан емдеудің комплексті әдістерін таңдау.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

1. Тұтығу қалай таралады, қандай белгілері бар, тұтығуды жою үшін комплексті әсер ету неге керек, логофобия деген не? деген сұрақтарға жауап іздеу.

2. Тұтығатын балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының жоспарын жасау.

Қолданылатын әдебиеттер:


  1. А.А.Бодалев. Психология общения. М.1996.

  2. Т.Т.Гаврилова. Анализ эмпатийных пережеваний - 3 младших школьников и младших. подростков. - М. 1991.


Лекция №12
Балалардағы тұтығуды жоюда отбасы мен балабақшаның ролі.
Лекцияның мақсаты: Балалардағы тұтығуды жоюда ата – аналар мен тәрбиешілердің ролін түсіндіре отырып, тұтығатын балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру. Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандырудың жолдарын үйрету.
Лекцияның жоспары:

  1. Тұтығуды жоюда тәрбиешілер мен ата – аналардың ролі.

  2. Тұтығатын балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері.

  3. Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандырудың жолдары.


Лекцияның барысы:
Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегі арқасында көп жетістікке жетуге болады. Өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды.

Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-1 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйыктау керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ кезінде балалар логопедтің көмегімен тоқталмай мүдіріссіз айта алады. Ал басқа уақытта ата-аналар, тәрбиешілер осы дағдысын сақтап, қолдау жасап, сөйлеуін қадағалап отырулары керек.

Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелесуге де болмайды. Бала әңгімесінде тұтыға бастаған мезетте-ақ сөзін немесе сөз тіркесін аяқтауға көмектесу керек. Баланың көзінше оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата – аналар мен тәрбиешілер баланы асықпай, ақырын анық сөйлетуге үйрету керек. Үйде бала үшін жағдай жасау қажет. Ұзақ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып қонақ күтуге болмайды. Тұтығуы жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге әкеткен жөн. Осы уақытта өзінен кіші, мінез-құлқы ұқсас баламен ойнағаны жөн. Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдайларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға қол жеткізуге болады.



Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандыру.

Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық (болдырмау шаралары) жұмыстар жүргізілуі қажет.

Баланың ерте жасынан - ақ үлкендердің сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланын айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.

Тұтығу еліктеуден де пайда болады. Сондықтан тұтығатын адамдардан аулақ ұстауға тырысу керек. Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек. Отбасындағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы ұрыс, жанжал, баланы қорқыту, қатал жазалау сияқты жағдайлар баланы тұтығуға душар етеді. Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген.


Студентердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

  1. Ата – аналар мен тәрбиешілердің тұтығатын балалар үшін жүргізетін жұмыстарыньң маңызын талқылау.

  2. Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандырудың жолдары жайында пікір алысу.


Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

1. Өз бетінше баланың сөйлеу тәртібін
ұйымдастыру жайында газет – журналдардан конспекті жасау.

  1. Психотерапиялық емдеу дегеніміз не, анықтама беру, талдау, жүргізу жолдары.


Қолданылатын әдебиеттер:

2. Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., 1996.

  1. В.Г.Леонтьев. Психологические механизмы мотивации. -Новосибирск, 1992 г.


Лекция №13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет