Түстердің адамға әсері


Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.  Көк түс



бет6/11
Дата07.12.2022
өлшемі74,02 Kb.
#161745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Түстердің адамга әсері

Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді. 
Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді. 
Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.
Ашық көк түс - салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.Әдетте, бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады.
Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады. 
Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Тәуелсіз, беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз. Элеганттылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін.
Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды. 
Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді.
Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.
Аралас түстер:
Көк-қара – тыныштық.
Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.
Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.
Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.
Қоңыр-қызыл – белсенділік.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді. Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады. Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады. Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Ақ қайың жапырағы күз мезгілінде жинап алып, тазартып, кептіріп қою керек. Бұны медицинада профилактикалық зат ретінде қолданылады. Бүйрек, зәр шығару жолдарының және жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында зәр айдайтын зат ретінде, жүйке жүйесінің нашарлағанында қызметін күшейтетін зат ретінде қолданады.
Сүт қосылған шәйді ішсеңіз бүйректі тазартады. Ал асқазан мен ішекті тазарту үшін қырыққабат пен сәбізден жасалған салат жесеңіз шипалы. Қызылша, сарымсақ, грек жаңғағын күнде тамаққа қолдансаңыз қан тамырлары тазарады. Қияр болса, ағзаны қождан (шлак) тазартып, артық тамақтан арылтады.
Біздің күнделікті ішіп-жейтін тағамдарымызда пияз бен жуа кеңінен қолданылады. Түрлі салаттардың дәмін келтіріп, көрікті етіп көрсету үшін де өте қажет. Халық медицинасында пияз бен жуа адамдар мен малдарды емдеуге де пайдаланылады. Әрі олардың құрамында қажетті дәрумендер де бар. Пияз бен жуаны саяжайда, үйде де өсіруге болады. Пияз бен жуа біздің тұрмысымызда қажетті өсімдік.
Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
1. Көк. Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2. Қызыл. Қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе, тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше, барлық ет тағамын қызылға балайды.
3. Жасыл. Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4. Ақ. Барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5. Сары. Май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6. Қоңыр. Бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7. Қара — тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.
Ақ сәуле дегеніміз — Күн-Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Көгілдір рең көп қолданылатын, кең таралған реңдердің бірі. Алайда солай екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көгілдір түс тамаққа деген тәбетті жоғалтады екен. Торт, түрлі тәттілердің де ішіне көгілдір түс араластыруға болмайды. Өйткені көгілдір түсті көрген кезде адам санасында көгерген, бұзылған тағамдар елес береді де, ол дереу әлгі тағамға деген тәбетті жояды.
Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жасақтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн. Өйткені ол суықтықты, қараңғылықты сипаттайтын болғандықтан ұйқыға кетерде кері әсерін тигізеді.
Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен.
Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруға, ынталандыруға ықпал ететін бір рең.
Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады. Қызыл түс агрессивті түс, ол адамды қоздырады, іс-әрекетке итермелейді. Оның орны – ұйықтайтын бөлме, бірақ онда ол қоңыр түске жақынырақ қою қы- зыл болу керек.
Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылауын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жылдамдатады. Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалайсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады. САРЫ – көңілді, белсенді, қарым-қатынас жасауға жәрдемдесетін түс. Балалар бөлмесіне сарғыш түсті перде іліп, осы түстес жиһаз қоюға болады. Сары түсті түсқағаз жабыстырудың қажеті жоқ – көзді шаршатады.
Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір рең.
Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. ЖАСЫЛ – адамға сенімділік береді. Кабинет және сіз жұмыс жасайтын орын үшін тамаша түс. Ол белсенділік пен табандылық береді.
Көз үшін өте пайдалы. Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді. Телевизорда эфирге шығардың алдында адамдарды толқымасы үшін жасыл бөлмеге кіргізіп күттіретін көрінеді. Аталған рең сондай-ақ ауруханаларда да емшелушілердің сабырсызданбасы үшін көп қолданылады екен. Асқазан ауруларына пайдалы делінеді бір зерттеулерде. Жасыл қабырғалы алаңдарда адамдар асқазан ауруымен шағымданбайтын көрінеді.
Жасылдың түрлі реңлері түрліше әсер береді екен:
Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса,
Көк жасыл - жағымсыздықты, негативті,
Зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті,
Сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.
Жасыл Америка мәдениетінде ақшаны сипаттайды.
Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар.
Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады.
Қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негативпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе,екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына келеді. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұтуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көрінеді.
Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көріну үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді.
Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте келіндер ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтын дәрігерлердің, лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі.
Сондай-ақ ақ - жаз айының киім реңі.
Күлгін асылзада, ақсүйектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы.
Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс. Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын жұмысты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасанды түс деп, қабылдамайды.
Қоңыр топырақтың және ағаш,тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбінде еркектердің сүйікті реңі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді. Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: Бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ уақыт аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді. Расымен де, ақ қабырғалы фаст фуд ресторандарын кездестіру қиын.
Алқызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады. Түрме торларын ал қызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыл түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді. Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайде екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет