Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызмет саласы
Мамандық бойынша қабылдау емтиханы құрамына төраға және екеуі ғылым докторы болып табылатын үштен кем емес мүшеден құралған, университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен (ҚК) өткізіледі. Комиссия жұмысына факультет деканы, университет кафедраларының арнайы өкілдері, бизнес-қауымдастық өкілдері, бөгде ұйымдардың өкілдері және комиссия хатшысы тартылады
Комиссияның қызметтері саласына кіреді:
мамандықтың мәселелері бойынша үміткердің құзыреттерін айқындау;
оқуға және әрі қарай кәсіптік қызмет ету мотивациясын анықтау;
магистратурада оқу барысында өзбетінше ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерге болашақ магистранттың даярлығын анықтау.
Қабылдау емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютерлік залында және бейнежазба түсіруге мүмкіндігі бар бекітілген аудиторияда ҚК мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде жүргізіледі.
Емтиханды өткізу тәртібі:
- үміткер емтихан кестесіне сәйкес белгіленген уақытта, тағайындалған аудиторияға келеді;
- үміткер ҚК мүшелерінің рұқсатымен, емтихан билеттерін алады / жауап парақтарын алады;
- жауап парағында үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе аты-жөні кодын, мамандығы және оқыту үшін ол таңдаған оқыту траекториясын көрсетеді.
Эссе үшін:
- 30 минут ішінде үміткер эссе жазады (жауаптар жинақы, қажет болған жағдайда графиктер, формулалар, схемалар және т.б. қамтитын болуы тиіс);
- барлық сұрақтарға жауаптың болжамды көлемі 3-4 беттен көп емес болуы тиіс;
- барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін үміткер барлық жауаптар парағында өз қолтаңбасын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.
Питч үшін
Питч жазбаша емтихан бөлігі аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес, сол аудиторияда жүргізіледі. Питч тапсыру форматы: үміткер 3 минуттан ұзақ емес баяндама жасайды, содан кейін 2 минут сұрақтарға жауап береді. Үміткерлердің питчін объективті бағалау мақсатында баяндама және сұрақтарға жауап беру кезінде аудиторияда бір мезгілде бірден артық үміткерлердің болуына қатаң жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |