ТүсуГе арналған емтиханы бағдарламасы


Қабылдау емтиханын өткізу формасы және ұйымдастырылуы



бет4/17
Дата06.02.2022
өлшемі326,86 Kb.
#34802
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2 Қабылдау емтиханын өткізу формасы және ұйымдастырылуы

Қабылдау емтиханы ҚР БҒМ-мен бекітілген және қабылдау емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес мерзімінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы кешенді емтихан (КЭ) және аралас формада (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч) көптілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үш тілдің бірінде (қазақша, орысша, ағылшынша).


Емтиханды өткізудің барлық рәсімдері бейнекамераға тіркеледі.
Шамамен алғандағы емтиханды өткізу уақыты:
- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ бойынша 1 сұраққа 1,5 минуттан);
- жазбаша емтихан – эссе жазу (30 минут);
- питч – баяндамаға 2-3 мин, сұрақ-жауапқа 2 минут.
Компьютерлік тестілеуден магистратураға түсуші барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлімі модульді білім беру бағдарламасында жоспарланған әрбір білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.

Білім берудің 2 траекториясы жоспарланған.







Білім беру траекториясының атауы

Емтихан қабылдау нысаны

1

Зерттеу

аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік (Start Up – магистратура)

аралас (компьютерлік тестілеу + питч)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет