ТүсуГе арналған емтиханы бағдарламасы


Әрбір пән бойынша тақырыптардың тізімі



бет10/17
Дата06.02.2022
өлшемі318,99 Kb.
#35048
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
6.3 Әрбір пән бойынша тақырыптардың тізімі
«Құрылыс материалдары»

1. Табиғи тас материалдар мен бұйымдарды алу үшін пайдаланылатын тау жыныстары. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы.


2. Шөгінді, магмалық және метаморфты жыныстардан жасалған материалдардың негізгі түрлері, құрылысының ерекшеліктері, қасиеттері және пайдалануы
3. Керамикалық бұйымдар. Сазды шикізаттың пайда болуы және құрамы, оны иімділігі, отқа шыдамдылығы бойынша топтастыру.
4. Керамикалық бұйымдарды өндірудің технологиялық принциптері, олардың құрылымы және негізгі қасиеттері.
5. Саздан жасалатын кеуекті толтырғыштар, өндіру принциптері, қасиеттері, қолданылуы. Жылуоқшаулайтын және отқа шыдамды керамикалық материалдар мен бұйымдар.
6. Шыны өндіруге арналған шикізаттық материалдар, заттың шыны тәрізді күйі туралы түсінік. Шыны өндірісінің негіздері: шикізаттық материалдарды өндеу, шихта дайындау, шыныны қайнату, құрылыс шынысын шығару. Шыны бұйымдарын қалыптау әдістері.
7. Ситаллдар, қожситаллдар және ситаллпласттар туралы түсінік, оларды дайындау тәсілдері және пайдалану саласы. Қождардан және тау жыныстарын дайындаудағы қалдықтардан алынатын құйма бұйымдар.
8. Металл материалдар. Қара және түсті металлдар, олардың қорытпалары туралы жалпы мағлұматтар. Шойын және болат технологиясының негіздері. Металлдардың механикалық қасиеттері.
9. Ауада қатаятын байланыстырғыш заттарды химиялық құрамы бойынша топтастыру. Гипс байланыстырғышын алуға арналған шикізат және өндіру принциптері.
10. Гипс байланыстырғышын жылумен өндеуге байланысты түрлерге бөлінуі: төменгі және жоғары температурада күйдірілетін. Қатаю схемасы, негізгі қасиеттері және қолданылу саласы.
11. Ауа әгі: шикізат және өндіру принциптері, түрлері және қолданылу саласы. Ұнтақталған күйдірілмеген әк.
12. Гидравликалық байланыстырғыш заттарды түрлерге бөлу. Гидравликалық әк және романцемент: шикізат, өндіру принциптері, қолданылу саласы.
13. Портландцемент: шикізаттық материалдар және өндіру принциптері. Портландцементтің техникалық сипаттамалары: тығыздығы, су қажетушілігі, қатаю мерзімдері және көлемінің бірқалыпты өзгеруі.
14. Цементтің және басқа байланыстырғыш заттардың қатаюы: жалпы қатаю теориясы, ұнтақтылық дәрежесінің температурасының және орта ылғалдылығының цементтік қатаюына әсер етуі, қатаюды жеделдету тәсілдері.
15. Цемент тасының коррозиясы, оның себептері және одан қорғау әдістері.
16. Ауыз суды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ескеру есебімен шылайтын суға қойылатын талаптар.
17. Силикат материалдар мен бұйымдар. Әк және кремнеземдік компоненттер негізіндегі бұйымдар.
18. Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпаларын байланыстырғыш түріне, тығыздығына және оларды жасайтын материалдар түріне байланысты топтастыру.
19. Ерітінділердің беріктігі, маркаларға бөлінуі, аязға ьөзімділігі. Беттік – активтік қоспаларды пайдалану.
20. Құрылыста қолданылатын ағаштың негізгі тұқымдары. Ағаштың құрамы және қасиеттері. Ағаштың негізгі қасиеттерінің құрылымына және ылғалдылығына тәуелділігі.
21. Ақаудың негізгі түрлері және олардың ағаш сапасына әсер етуі. Ағаштың ұзақ мерзімділігін арттыру: ағашты шіруден, жанудан шабуылынан қорғау әдістері.
22. Полимер материалдарының негізгі компоненттері. Полимердің түрлері мен құрылысы.
23. Битумдық және қарамай (деготь) байланыстырғыштары. Битумдардың түрлері, құрамы, құрылысы және қасиеттері. Мұнай битумдарының маркалары. Қарамай құрамы және қасиеттері.
24. Жылуоқшаулағыш материалдар құрылысының жалпы сипаттамасы, оларға қойылатын негізгі талаптар және қолданылу саласы.
25. Дыбыс туралы түсінік. Акустикалық материалдар мен бұйымдардың түрлері. Дыбысжұтқыш және дыбысоқшаулағыш материалдар, олардың құрылымдарының ерекшеліктері, негізгі түрлері және қолданылу саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет