Оқыту барысында: 1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.
2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.
3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.
4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады. Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.
5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.
6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.
7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.
Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.
Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды.