Болат Ақшолақов АЭС құрылысын ең перспективалы шешім деп атады АЭС салу энергетикалық күн тәртібінің неғұрлым перспективалы шешімі болып табылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.
Бүгінгі таңда елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімі әзірленгені атап өтілді, оған сәйкес электр энергиясын тұтыну деңгейі экономиканың өсу қарқынының және халықтың ұлғаюының салдарынан 153 млрд.кВтсағ деңгейінде болжануда. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станцияларының генерациясының 2020 жылғы 108 млрд.кВтсағ-тан 2035 жылы 88,6 млрд. кВтсағ-қа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады. "Энергобаланспен саланы дамытудың мақсатты көрінісі ретінде 17,5 ГВт электр қуатын енгізуді көздейтін "АЭС-пен жасыл" сценарийін белгілеу ұсынылады. Бұл сценарий жасыл энергия көздеріне, газ және атом өндірісіне баса назар аударады", - деді Болат Ақшолақов. Энергетика министрлігінің басшысы Атом генерациясын дамыту қажеттілігі көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібіне сәйкес келеді, мысалы: - таза электр энергиясының үлесін арттыру; - ел экономикасындағы көміртегі ізін азайту; - СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау; - елдің энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның ішінде ЖЭК генерациясының өсуін қолдау. "Атом энергетикасының тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қамтиды және осы уақыт ішінде ол энергетиканың дәстүрлі саласына айналды. Қазіргі уақытта 31 ел атом электр станцияларын пайдалануда. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10% - ын алады. Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін жеткілікті әлеуетке ие. Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Бізде ядролық отын компоненттерін өндіру бар, сондай - ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жетімділік бар", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов. Министр өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылғанын хабарлады. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды. "Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне, өндірістік қуаттардың тозуына байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, сондай - ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елде АЭС салу неғұрлым перспективалы шешім болып көрінеді", - деп түйіндеді Болат Ақшолақов.
Қорытынды Электр энергетикасы электр энергиясын өндіруді, беруді және жеткізуді қамтиды. Бұл сала экономиканың жұмыс істеуінің және елдің тіршілігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін электр энергетикасының өз ерекшелігі бар, өйткені елдің металлургия, мұнай және газ өндіру, мұнай химиясы және тағы басқа негізгі салалары жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады және электр энергиясының ірі тұтынушылары болып табылады.