Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті дағдыларын зерттеу


Егер үйде тұтығатын бала болса, онда мынаны есте ұстаған жөн



бет7/13
Дата22.06.2020
өлшемі206 Kb.
#74242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ

Егер үйде тұтығатын бала болса, онда мынаны есте ұстаған жөн:

  1. тұтығатын бала үнемі логопедтің және психоневрологтың бақылауында болуы тиіс. Тұтығатын балалардың жүйке жүйелері әлсіз болғандықтан, олар үшін жеке күтім отбасында тыныш жағдай, жалпы дұрыс сөйлеу тәртібі қажет;

  1. балаларға өз жасына сәйкес келмейтін кітаптарды көп оқуға болмайды. Ұйықтар алдында балаға қорқынышты ертегі оқуға болмайды, өйткені ол балада үрей туғызуы мүмкін: ол жалмауыз кемпірден, адам жегіштен қорқады;

  1. балаға теледидарды көп көруге рұқсат бермеу керек. Бұл баланың жүйке жүйесін шаршатып, қоздырады. Әсіресе оның жасына сәйкес келмейтін бағдарламаларды көру, ұйықтар алдында көру кері әсер етеді;

  2. баланы тым қатты еркелетіп, кез келген қалауын жасауға болмайды, өйткені оның қалағанын жасамаған кезде баланың психикалық жағдайы зақымдануы мүмкін. Балаға қойылатын талаптар оның жасына сәйкес келуі тиіс, үнемі бірдей болып, мектепте, балабақшада, отбасында да жан-жақты болуы керек;

  3. баланы ауруынан жазылғаннан кейінгі кезеңде көп әсерлі нәрселермен (кино, оқу, теле бағдарламаларды көру және т.б.) қызықтыруға болмайды;

  4. баланы жалғыз қалдырып, әсіресе қараңғы жерде қорқытып, жазалауға болмайды. Жаза түрінде баланы столда қандай бір уақыт тыныш отырғызып қоюға, жақсы көретін ойыннын ойнатпай қоюға балады;

  5. мұндай баламен нақты бірқалыпты, асықпай сөйлесу керек, бірақ ешқандай кезде буындап және әндетіп сөйлесуге болмайды;

  6. балаға үнемі бірқалыпты және талаппен қарау керек;

  7. мұндай баланы ұқыпты,тыныш, дұрыс сөйлейтін баламен жақындастырған жөн, өйткені оған еліктей отырып бала дұрыс сөйлеуді үйренуге тырысуы керек;

  8. тұтығатын баланы қоздыратын және қатысушылардан жеке сөйлеуді талап ететін ойындарға қатыстыруға болмайды;

  9. тұтығатын балаға дұрыс сөйлеу кезінде дем алуды, темп пен ритм сезімдерін дамытуға мүмкіндік беретін ән, би сабақтарының маңызы зор. Ән, күй бойынша жүргізілетін қосымша сабақтар өте пайдалы.

Зерттеуді балалабақшадағы тұтығатын балалардың ерекшеліктерін бақылай отырып логопед пен тәрбиеші де жүргізді. Анықталды: құрдастарымен және ересек адаммен тез тіл табысады ма, кіммен ойнағанды ұнатады, топқа келгеннен соң бірінші күндері біреумен танысты ма, кіммен еркін сөййлеседі- баламен әлде ересектермен бе, қандай жағдайда-сабақта, ойын барысында, еркін әрекет кезінде, ересек адам қатысып тұрғанда немесе ол жоқ кезде, саяхатта, балаға, ересектерге өтінішпен келеді ма?

Ойын әрекетін зерттеу Г.А. Волкованың әдісі бойынша жүргізілді. Анықталды: бала ойынның қандай түрін ұнатады: тыныш, қимылды, сюжетті. Баланың ойынды қалай ойнағанды жақсы көретіні: жалғыз өзі, топтағы балалармен, ол ойын ережесін біледі ма, оған бағына ала ма,; ойын ұйымдастыра алады ма және оны аяғына дейін жеткізеді ме; ойын барысында сөйлейді ме, әлде үндемей отырып ойнай ма.

Мұндай зерттеу тұтығатын балалардың әр алун жағдайда қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ос ерекшеліктерді ескеріп түзету жұмысын жасауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет