Туберкулез дертінің алдын алу



Дата07.02.2022
өлшемі25,26 Kb.
#92653
Байланысты:
7 ОБИОЖ


№7 тақырыптың ОБИӨЖ:
Тұрғындар арасындағы санитарлық-ағарту жұмысы: “Туберкулез дертінің алдын алу”
тақырыбына тұрғындарға арнап дәріс жазыңыз (интернеттегі, кіпатханадағы әдебиетпен
жұмыс, дәріс ұзақтығы 12-15 мин).

 Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдарының тізбесі:
1) медициналық ұйымдардың қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдарының) қызметкерлері;
3) әскери қызметке шақырылғандар;
4) орта және жоғары оқу орындарының студенттері, училище оқушылары;
5) 15-17 жас аралығындағы балалар;
6) босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер перзентханадан шыққанан кейін бір ай ішінде;
7) жаңа туған нәрестенің перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) туберкулезге қарсы вакцинациясыз шыққанға дейінгі отбасы мүшелері;
8) стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан), психоневрологиялық диспансерлерден арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар контингенті;
9) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар;
10) тергеудегі және сотталғандар (жылына 2 рет);
11) ішкі істер органдарының қызметкерлері, оның ішінде мамандандырылған күзет қызметінің, патрульдік-посттық, жол-патрульдік және учаскелік қызметтердің, тергеу изоляторларының және түзеу мекемелерінің қызметкерлері (жылына 1 рет);
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын, сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды тасуды, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын әскери қызметкерлер (жылына 2 рет);
12) жедел қызметтің әскери қызметкерлері (жылына 2 рет);
13) Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери жасақтардың әскери қызметкерлері;
14) тамақ өнеркәсібінің, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінің қызметкерлері;
15) мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың қызметкерлері;
16) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлері;
17) Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, оның ішінде еңбек миграциясы бойынша келген адамдар.
77. Мынадай клиникалық түрлері бар туберкулездің жаңа жағдайлары туберкулездің асқынған жағдайлары болып есептеледі:
1) асқынулары бар өкпеден тыс туберкулез.
2) асқынған ағымды туберкулезді менингит;
3) жітілеу және созылмалы диссеминирленген туберкулезд;
4) казеозды пневмония;
5) өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулез.
78. Туберкулездің асқынған жағдайларын, алғаш айқындалған науқастардың және оның себептеріне қарамастан туберкулез рецидивтерінің арасындағы өлім жағдайларын, сондай-ақ балалардағы алғаш айқындалған бактерия бөлетін туберкулезді клиникалық талдау туберкулехге қарсы ұйымдармен, амбулаториялық-емханалық көмек көрсеетін ұйымдармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдарымен бірлесіп, талдау хаттамаларын және іс-шаралар жоспарын міндетті әзірлей отырып, жүргізіледі. Диспансерлік есептен шығарылған адамдарда туберкулездің жаңа жағдайларын және ауру рецидивтерін уақтылы айқындау үшін жауапкершілік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға жүктеледі.
79. Тұрғылықты жері бойынша бақыланатын амбулаториялық ем жүргізу тәртібі науқастың амбулаториялық картасы мен туберкулезбен ауыратын науқастың № ТБ 01/е нысанды картасында немесе № 907 бұйрығымен бекітілген № ТБ 01/е – нысаны бойынша IV санатты ТБ-мен ауыратын науқастың медициналық картасында, туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасына қосалқы параққа толық жазылады.
80. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында туберкулезге қарсы препараттармен туберкулезден басқа ауруларды емдеу үшін қолдануға және оларды дәріханалық мекемелерде рецептсіз сатуға тыйым салынады.
81. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және туберкулезбен ауырған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар медициналық көмекті "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 164 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелген) алады.
82. Өкпеден тыс туберкулез кезінде диагноз бактериологиялық, цитомарфологиялық зерттеулердің негізінде не белсенді өкпеден тыс туберкулезді көрсететін клиникалық-рентгенологиялық деректердің негізінде белгіленеді. Бірнеше ағзасы зақымдалған өкпеден тыс туберкулезі бар науқас процестің анағұрлым ауыр локализациясына сәйкес тіркеледі.
83. Өкпеден тыс туберкулез диагнозын мүмкін болмаған кезде, түпкілікті верфикацияны туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардың мамандары ашық биопсияны пайдалана отырып, жүргізеді.
84. Қақырық микроскопиясының оң нәтижесі бар (бактерия бөлетін) өкпе туберкулезі диагнозы:
1) қақырық микроскопиясы кезінде ем жүргізгенге дейін қышқылға тұрақты бакетриялар кемінде екі мәрте табылған;
2) қақырық микроскопиясы кезінде қышқылға тұрақты бакетриялар бір мәрте табылған, ал рентгенологиялық зерттеулер кезінде фтизиатр дәрігердің белсенді өкпе туберкулезі қорытындысы бойныша сәйкес келетін патологиялық өзгерістер айқындалған кезде қойылады.
85. Қақырық микроскопиясының теріс нәтижесі бар өкпе туберкулезі диагнозы анамнездің, белсенді ерекше процеске сәйкес келетін клинкалық-рентгенологиялық деректердің, ауру бактериологиялық немесе гистологиялық расталған молекулярлық-генетикалық зерттеу нәтижелерінің негізінде қойылады.
86. Бактериологиялық немесе гистологиялық растау болмаған кезде, түпкілікті шешімді өкпедегі рентгенологиялық зерттеулердің сипатын, өкпедегі патологиялық өзгерістері бар адамда ауыр факторларының және қызмет түрінің болуын ескере отырып, орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия қабылдайды.
87. Қақырық жағындысы микроскопиясының теріс нәтижелері кезіндегі, оң нәтиже науқаста белсенді туберкулездің барын дәлелдейді және диагнозды растау үшін қызмет етеді.
§2. 2 туберкулин бірлігі бар туберкулинді Манту сынамасымен туберкулезді диагностикалау
88. Балаларда туберкулезді диагностикалау үшін 2 туберкулинді бірлігі бар Манту сынамасын қолданылады, оның мақсаты:
1) туберкулез микробактериясы алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
2) Кальметт-Герен Бацилла вакцинасымен вакцинациялау және ревакцинациялауға контингентті іріктеу;
3) ауруды ерте анықтау үшін.
1) туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік/ұжымдық, пәтерлік және т.б.);
2) вакцинациялау және ревакцинациялау алдындағы 2 айдан асқан балалар;
3) қауіп тобындағы балалар.
90. Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы "қауіп" тобына:
1) ата-аналары адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, табысы аз, көшіп-қонушы отбасыдан шыққан;
2) қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің тән емес аурулары, тамақтанудың бұзылуы (дене массасының тапшылығы) адамның иммунтапшылығы вирусы инфекциялары бойынша диспансерлік есепте тұрғанд, иммундық супрессивті терапия алатын (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар және басқалары), мүгедек;
3) Кальметт-Герен Бациласының вакцинасы егілмеген және вакцинасының белгісі қалыптаспаған балалар жатады.
91. Манту және туберкулездің рекомбинанттық аллерген сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.
92. Манту сынамасы мынадай болып бағаланады:
1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе "инемен шаншу реакциясының" болуы (0-1мм);
2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;
3) оң – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;
4) гиперергиялық –15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат немесе инфильтрат көлемі байланыссыз везикуло-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбайды.
93. Туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
1) оң туберкулинді реакцияның қарқындылығы;
2) Кальметт-Герен Бациласының вакцинадан кейінгі тыртықтардың болуы және көлемі;
3) Кальметт-Герен Бациласының вакцинасын еккенен кейін өткен мерзім (5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция, вакцинадан кейін аллергияның болуын жоққа шығармайды);
4) туберкулезі бар науқастың қарым-қатынаста болуы немесе болмауы.
94. Аурудың клиникалық белгілерінің болуы. 5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция вакцинадан кейінгі аллегрияны сипаттайды.
95. Гиперергиялық реакциялар вакцинадан кейінгі аллергияға жатпайды.
96. Аллергиялық бағыты бар балаларға алдын ала гипосенсибилизация (сынаманы қойғанға дейін 5 және 2 күнге дейін 2 туберкулин бірлігі бар Манту сынамасының аясында 2 күн), инфекция ошақтарын санациялау, дегельминизация жүргізіледі.
97. амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымының фтизиатр дәрігеріне:
1) алғаш айқындалған оң туберкулин реакциясы бар;
2) 2 туберкулин бірлігі бар Манту сынамасының гиперергиялық туберкулин реакциясы бар;
3) туберкулин сезімталдығының 6 мм және одан жоғарыға өсуі бар балалар жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет