Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасыбағалы микробтарға жата



Дата06.02.2022
өлшемі15,21 Kb.
#80885

Микобактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потен- циалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микобактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньоннын жіктемесі бойынша M .avium атиптік микобактерияларға жатады.

Микобактериялар жіңішке, аздап щлген таяқшалар, кейде бүтақтанған, жіпше созылған немесе коктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады. Грам әдісімен нашар боялса да, грам оң болып есептеледі. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың қүрамында микол қышқылының болу нәтижесі. Циль-Нильсен әдісімен бояу- дың зор диагностикалық мәні бар. Бүл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасыбағалы микробтарға жата-

ды. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельбергтің, Сатонның қоректік орталары қолдаңылады. М икобактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі 20-30 күн өткен соң, сиырға тән түрі 20-60, құсқа тән гүрі 11-15 кұнен соң өсін береді.

Т өзім д іл ігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі. Қақырықта 5-6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда !2 ай, қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M .avium . Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.

Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздан- дыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыз- дандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.

Ін д е т т ік е р е к ш е л ік т ер і. Туберкулезге 50-ден астам үй және жабайы хайуандар, 20-дан астам қүстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезІмтал- дары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бүларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі қүнды аңдардан - күзен түрады. Сирек ауыратын жа- нуарларға ешкі (табиғи жолмен жүкканда сирек, қолдан жүққанда жиі ауы- рады), ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.

Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануар- лар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағ- дайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады.

Аурудың жүғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жүғады. Жайыльімда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де ёгер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайьшымдагы малға да жаппай жұғады.

М икобактериялар сау малдың деңесіне ас қорыту жолы және тыңыс жүйесі арқылы енеді. Бүзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аәрогендік жолмен жүғады. 'Шошқа мен қүсқа негізінен алиментарлық жолмен жүғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.

Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрг төмендеп, туберкулезге бейімді- лігі артады. Қорада үстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып түрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.

Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді, дегенімен Бестужев түқымы төзімді, керісінше қара ала сиырлар бейімірек. Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да, жаппай жұғу үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы және ауыр- ған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.

Д ерттен уі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі торшалар- дың пролиферациялық өсуі және әкссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен әпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген әкссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзе- ді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бүдырмағы - туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бүдырмақ дә- некер ұлпалы қапсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады.

Егер бастапқы туберкулез бүдырмағы тек қанаіқоздыруш ы енген жерде (өкпеде, ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы \әффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінің бір мезгілде зақымдануын алгашқы толъщ кешен деп атайды. іЕгер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні үшыраса, онда процесс толық емес алгаищы кешен деп аталады.



Ауру зілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер үлпалы капсуламен қоршалып, инфекция процесінің одан әрі өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтижесінде туберкулез бүдырмағының қабы ыдырайды да, микобактериялар сау үлпаға түседі. Оның нәтижесінде көп- теген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады (милиарлық тубер- кулез). Үсақ туберкулалар бір-бірімен қосылып, ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан микобактериялар қанға өтуі мүмкін. Ондай жағдайда дерт бойды жайлап (генерализация) әр түрлі ағзаларда (бауыр, көк бауыр. бүйрек, т.б) үлкендігі әр қилы туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өк- пені ұзақ жайлағанда үлкен түберкулез ошақтарымен каверналар (қуыстар) пайда болады, олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айна- ласында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каверналары бір-бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар- дың ішіндегі іріміктер жөтелген кезде қақырықпен сыртқа шығады. Тубер- кулез бойды жайлағанда өкпедегі ауқымды зақымнын нәтижесінде газ алмасу бұзылады, әритроцит түзілуі тежеледі, анемия өрбиді, м а л д ы ң к ү й і.к е т іп , өнімі азаяды, арықтап, ақыры өледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет