Туберкулез,скарлатина инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар
Орындаған:Баямирова Д.М.
Қабылдаған:Карабалин С.К.
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Туберкулез,түрлері,қарсы шаралар
2) Скарлатина,диагностикасы
3) Эпидемияға қарсы профилактикалық-емдік шаралар
III.Қорытынды
IV.Пайданылған әдебиеттер
Туберкулез
Бұл туберкулездің микобактериялары тудыратын және науқас адамнан сау адамға өкпе тінінде басым оқшаулаумен сөйлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде ауа арқылы берілетін инфекциялық ауру.
Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу немесе сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Инфекция ошағы – бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың тұратын (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқитын, жұмыс істейтін, демалатын орны.
Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.
Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді.
Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты.
Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды.
Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды.