ҚОРҚАҚТЫҚ
115. Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
116. Көз — қорқақ, қол батыр.
117. Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ — қалтырап жүреді.
118. Қорқақтың қолы қысқа.
АҚЫЛДЫЛЫҚ
119. Ақылы жоқтың — арманы жоқ.
120. Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды.
121. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
122. Ақылы жоқтың — арманы жоқ.
АҚЫМАҚТЫҚ
123. Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды
124. Ақымақ алғыс алмайды,
Алғыс алмаған алысқа бармайды.
125.Ақымаққа айтқан сөз
Ағып жатқан сумен тең.
126.Ақылы жоқтың — арманы жоқ.
ҰСТАМДЫЛЫҚ
127. Ұстамдылық-үлкен байлық.
Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса ұстамды бол.
128.Тамақтанудағы ұстамдылық жүз дәрігерге қарағанда пайдалы.
АШУШАҢДЫҚ
129. Ашу түбі — кейіс,
Ақыл түбі — кеніш.
130. Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер.
131. Ашуың келсе қолың тарт,
Айтпас жерде тілің тарт.
132. Ашу –дұшпан,
Ақыл –дос,
Ақылыңа ақыл қос
КІШІПЕЙІЛДІЛІК
133. Кішіпейілдік —
Кішілік емес,
Кісілік.
134. Кішіпейілділік -кемеңгерліктің көркі.
135. Су да төмен қарай ағады,
Кішіпейілдік адамға жағады.
ТӘКАППАРЛЫҚ
136. Тәкапардың тонын киме.
137. Білім қонбайтын үш адам болады:
Бріншісі –Тәкаппар адам,
Екіншісі- Ұялшақ адам
Үшіншісі - Жалқау адам
138. Тәкаппарлық көптеген жақсылықтарға тосқауыл болады.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
139. Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
140. Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
141. Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
142. Кең болсаң, кем болмайсың
Достарыңызбен бөлісу: |