Туған жер тұғырың,Туған ел қыдырың



бет1/15
Дата29.03.2022
өлшемі42,91 Kb.
#137105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
геосайыстар
Ықпалдың түрлері, ащық сабақ қмж, !1-ОШ ФО Әдебиет 6кл (pdf.io), !17-ОШ СОР Қазақ тілі Т1 8кл (pdf.io), И - спектрде ж тылу жола ыны болуы

Интелектуалды ойын"Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың"
интеллектуалды ойыны.
Мақсаты:
1.Оқушыларға рухани жаңғыру-табысты, білімді ел болуымыздың кепілі екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жылдары ішіндегі білім саласындағы жетістіктерді өрістету.
2. Өскелең ұрпаққа туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру. Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін, өнегесін үлгі ету.
Жүргізуші:
Білімдіден шығады, алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем,
Сайра шәкірт,суырып шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең,-
дей келе, бүгінгі . біздің колледж арасындағы Тәуелсіздік, және Астанамыздың 20 жылдығына арналған «Туған жер - тұғырың, Туған ел – қыдырың» атты интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер.


Жүргізуші:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі деп, рухани даму жолында білім сайысына құлшынып тұрған білімді жастарымызды ортаға шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет