«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет61/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп- гимназиясы
Құрманова Ақниет
7 “Ә” класс оқушысы
Жетекшісі: Мукашева Г.Н.
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ,
сенен үркер күшім жоқ,- деп ер қайратыңа
мін дағы, өрге бас.

Мұхтар Әуезов

Батырларымыз ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап, тағдырын шүберекке түйіп, тас шайнап, құм бүркіп, өмірдің қызыл жалынына күйіп, жан алысып, жан беріскен. Олардың ерлігін барша ақын тізе бүгіп жырласа да, шегіне жете алмайды. Ал сол ерліктің арқасында желбіреген көк тудың алдында дүйім жұрттың білдірер алғысы - толассыз екені аңық. «Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк»,-деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы, соғыс–көптің кеудесін қайыстырып, көптің өмірін жалмағаны сөзсіз. Соғыс- адамзат баласының кішкене ғана ғұмырында көретін ең қатал, сұрапыл мектеп. Ал сондай ортаның басшысы болған -Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды батырларымыздың ізінен еріп, намыс алаңында жан алысып, жан беріскен біздің де жерлестеріміз бар. «Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі», - деп Роллан айтпақшы, ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған аға – апаларымыздың есімі мен ерлігін ешкім де ұмыт қалдырған емес.


Жалпы, Батыс өңірі болмысынан - қарақұрым күшіне төтеп беретін болаттай қайсар батырларға, түпсіз терең тұңғиықтан жаралған кемеңгер ойшылдарға толы, және сондай тұлғаларымен кеңге құлаш жайған бірден - бір алып шаһар. Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап, халқын шын сүйетіндігін айғақтаған – ержүрек өреңдерімізбен мақтанамыз, жырға қосамыз, рухын дәріптейміз. Сондай жандардың есімін еске алып, атаған кезде де көзіңе бір мөлт-мөлт етіп жас келіп, жүрегін де қынжыла түседі екен. Сол мезеттерде олардың тартқан тауқыметтің бейне-болмысын, зарлаған ана мен баланың, жалғызынан айырылған әкенің, соғыс алаңында бауырындай болған жауынгерден айырылған жолдастың мұң-мұқтажын да түсінесің.
Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың қос шынары, батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова – ұлт мақтанышы.
Әлия Молдағұлова батырлар мекені атанған Қобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келіп, Қобда, Нева суларын сүйіп өскен. Әлия туған топырақ – талай батырлар түлеген киелі топырақ. Ол жер Қара Қыпшақ Қобыланды мен атақты Абат батырдың ізі қалған, берідегі Кеңес Одағының 9 бірдей батыры шыққан қасиетті мекен. Сол топыраққа тартып туған батыр қыз Әлияның есімі бүгінде талай жерді шарлап жүр. Әлия апамызды қай жағынан алып суреттесек те, бір мін таба алмассын, шіркін! Мысалы, «Әлияның қолы шебер, ұқыпты, бөлмесі кірсе-шыққысыз жайнап тұратын. Төсек жапқышы, көпшігі, терезе перделерін өзі тоқыған шілтермен көмкеріп, айна алдында герань, олеандр, камелия өсіретін. Бір қызығы, осы аталған гүлдер өте нәзік әрі сұлу, сонымен қатар шөлге төзімді, суыққа шыдамды өсімдіктер. Осы гүлдер арқылы да мен Әлияның сұлулықты сүйетінін, мінезі де осы гүлдер сияқты екенін байқадым», – деп жазған екен балалар үйіндегі ұстазы өзінің естелігінде. Енді бірде үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберілген. Бүгінде Артектегі батырлардың тақтасында атақты батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қатарында Әлия Молдағұлованың да суреті де бар.Ал ендігіде соғыс... Қан майданға түскен қыздар үшін адам өлтіру оңай болмайды. Түні бойы қара суық пен сықырлаған аязда, денеңді төмен тартқан батпақтың ішінде алғашқы шепте жатып, тәулік бойы жаудың нүктесін аңдиды. Винтовканың үлкейткіш әйнегінен кезену оңай, ал адам ату – қиынның қиыны. Жас солдаттың ішкі арпалысы осы жерде көрінеді: алғаш рет жауды өлтіргенде жан-дүниесінің бір бөлшегі сынғандай күй кешеді. «Сезімге берілетін жер емес!», Әлия өзінің Сапураға жолдаған бір хатында осылай жазады. Он жеті жасында қан майданға кірген Әлияның алғырлығы, тез шешім қабылдау қабілеті, ойының жүйріктігі мен елгезектігі шайқастың шешуші сәттерінде оны өзгелерден даралап тұрады. Өзі де байқай бермеген бойындағы қазаққа тән батырлық рух құдіреті Әлияны жауға қарсы талай шайқасқа көтерді. «Рота! Тыңда менің командамды!», «Бауырлар, алға!». Осы бұйрықтың екпінділігі, күштілігі сол, оны тыңдамау мүмкін емес…Сондай өжет қыздың да күндердің бір күнінде ақтық соғысы болды , тулаған жүрек мәңгілікке тоқтады , жарқырай түсіп , аққан жұлдыз болып, көкке сермеді. Бірақ, халық – батыр қызын ешқашан да жадынан бір мезетке тастамаған .Тарих бетінде алтын әріптермен көмкерілген алып тұлғаның есімі – мәңгі жүрегіміздің түкпірінен орын алғаны сөзсіз.Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнінде:
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейне бір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.
Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның! ,-деп жырлағандай ,жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
Әлия апамызды айтатын болсақ, Мәншүк апамызды да бірге айтамыз. Өйткені ғасырлар қойнауының сарқылмас шежіресінде екеуі де – қос шынар. Мәншүк Маметова– Орал облысы, Орда ауданында дүние есігін ашты. Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Осылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда жеңіске жету! Талай зобалаңды бастан өткерді, ерлермен бірге жер бауырлап жүріп су кешті, ну орманды артқа тастап, басын отқа да салды, суға да батырды.Анасының еркелетуінше, ол - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?! «Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр... Екі ержүрек апаларымыздың ескерткішін көргенде, жанынан бей-жай өте алмайсың. Олардың бейнесіне қарап тұрып, сол зұлматтың ызғарын сезініп, жан түршігерлік соғысты көріп тұрғандай күй кешесің. Өзгелердікінен өзгеше жүрегі бар мәрт арулардың жүрек соғысының дүрсілін естігендей болып, қайсар қыздардың рухына тәу етіп тұрғаныңды байқайсың. Сөйтесің де, өр апалардың өжеттілігіне басыңды иіп, батырлығына тәу етесің. Ескерткіштен ұзап бара жатып, осындай тұлғалардың жанымен, бабалардың қанымен келген жеңісті күндердің баянды болғанын тілейсің. 
Сол әлемді дүрліктірген, қатыгез, аяусыз соғыста осы Ақтөбе өңірінің батыр ұл - қыздары жанын пида етті. Ұлы Отан соғысы жылдары отыз бес Ақтөбелік ерен ерліктері үшін «Кеңес одағының батыры» атағын алса, 9 жауынгер – «Даңқ» ордерінің толық иегері атанған. Барлық батырларымыздың рухының биік шоқтығын дәріптей отыра, көшелерге батырларымыздың есімі беріліп, оларға арналған ескерткіштер мен музейлер де салынды.Бұл қуантарлық жайт! Себебі, еңкейген қарттан бастап, асыр салып ойнаған бала- шағаға дейін ешқашан да олардың ерен ерліктерін жоққа шығармай, алып жақұптай бағалап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» демекші, Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Ең бастысы , ешкім де ешқашан да ұмыт қалған емес! Тарих жырлаған, бабамыз сыйға тартқан, оңайлықпен келмеген Жеңіс туы мәңгі желбіремек, өскелең жас ұрпақ ант береді, сіздердікі тек бізге сеңу! Көк тудың желбіргені- жанымызға қуат береді! Мәңгілік алау ешқашан да сөнбесің , туымыз тұғырымызда мәңгілік желбіресің!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет