«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет10/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ерболатқызы Ақберік

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, тәуелсіздігімізді алып, туымызды желбіретіп Ұлы Жеңіске 75 жыл болыпты. Сан ғасырларды қамтитын тарих тұғырынан алып қарағанда, арманға қол жеткізген біз үшін оның әр күні жылдарға бергісіз жетістіктерге жетелеумен өткені ақиқат. Тарихта теперіш көрген халық аз емес, бірақ қазақ халқы сияқты «мың өліп,мың тірілген» ұлт жоқ. Иә, азаттық пен қауышу үшін ата-бабамыз талай майдандарда келешек ұрпақтың болашағы мен бақыты үшін күресіп, тек алға ұмтылды. Арқадан кербез Алатауға дейінгі алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспииге дейінгі аралықта ұлан-ғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезінен туған еді. Соның ішінде өзіміздің туған жерімізден шыққан батырларымыз да жетерлік. Атап айтар болсақ Әлия Молдағұлова апамыз ол кісі Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген Әлия апамыз батыр, өжет ,ержүрек қыз болған бұл кісі Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған. Сонымен қатар Шығанақ Берсиев атамыз Ұлы Отан соғысы жылдарында Ойыл ауданы Құрман ұжымшарында тарыдан дүние жүзінде рекорд жасаған. Сонымен қатар Қобыланды атамыз қалмақтармен соғысып елімізді, жерімізді жаудан қорғаған . Атадан қалған «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді», «Бөлінгенді бөрі жейді», «Жақын таласса, жатқа жем», «Байлық байлық емес, бірлік-байлық» деген мақалдар әрдайым қазақтың бірлігін ту етті.Бүгінгі Ұлы Жеңістің 75-жылдығы – ата бабамыздың бірнеше ғасырлар бойғы қанды күресінің нәтижесі олардың қыршыннан қиылған өмірлерінің өтеуі. Олардан бізге мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз отарлық жоя алмаған тіліміз мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталады. Ал оны сақтауға біртуар азаматтарымыз алдыңғы шепте жүрді. Сол батырларымыздың бірі Есет батыр 1803-1889 Шалқар ауданы Ақши деген жерде Шекті тайпасы Қабақ руы Қарабас бөлімінің белгілі батыры Көтібар шаңырағында дүниеге келген қазақ елінің ержүрек батыры.Бір сәт ойланып көрейікші. 1941-1945 жылдардағы тарихымызды ой елегінен өткізіп көрейікші қазақты өз боданы етуді армандаған оны қарумен жүзеге асыруға тырысқан Немістер, Жоңғарлар, Қалмақтар бірде түрлі айла-қулықпен бірде өзге халықтарды айдап салған солақай саясаттары халқымыздың тағдырын тығырыққа тіреді. Қыспақта қалып қиналған сәттерде де халқымыз тығырықтан шығар жол таба білді. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аға апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына жүріп өткен жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.


Міне, біз сол тамаша Жеңістің 75 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.
Қорыта айтқанда, тарихымыз бай бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына кәміл сенемін. Бүгінгі « Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған » заманда аға ұрпақтың ерлік істерін жадымызда сақтап, «Отан» деген қасиетті мекенді, ата – бабамыздың көзінің қарашығындай сақтап келіп, ұрпағына аманат етіп қалдырған кең байтақ жерімізді, ана тілімізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап қастерлей білу-біздің перзенттік парызымыз. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең болып қарыштап өркендеуі - жас ұрпақтың қолында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет