7 наурыз күні «Ана – өмірдің шырағы» атты мерекелік концерт өтті.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Концертте ауыл әкімі Бекбаев Дулат Мұратұлы ауыл аналарын мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздарын беріп, шағын сыйлықтар сыйлады.
Достарыңызбен бөлісу: |