Туған жері: Ақмола обл, Зеренді ауданы, Қошқарбай а.
Білімі: Жоғары. Көкшетау ПУ- 2005 ж
Мамандығы: тарих және география пәні мұғалімі
Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі: 15 жыл
Аттестаттаудан соңғы өтуі: 2012 жылы, 2 санат
“Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналады ”
“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ” (Н.Ә.Назарбаев)
Сабақтың тақырыбы:
“Қазақ хандығының құрылуы”
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылған алғашқы аумағы мен қазақ хандары туралы жан-жақты танысу. Берілген тарихи құжаттарды оқу арқылы қазақ хандығының құрылуы туралы өз пікірлерімізді айтуға, тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыруға негізделген.
Сұрақ - жауап
1. 15 ғ. Орта кезінде қазақ жерінде өмір сүрген хандықтар
2. Ақ орданың саяси жағдайын әлсіретті
3. Тарихи деректер бойынша Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық күрес жүргізген
4. Ақ орданың мұрагерлері
5.Қазақстандағы ру-тайпалар шоғырланған аймақ
6. 15 ғ. Өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар туралы не айтқан
7. Қазақстанның қай аймағында қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген
8. Халықаралық сауда саттықтың көрсетеді
9. Қазақ хандығының құрылуына Қазақстанның қай аумағында негіз қаланды
10. Қазақ хандығының құрылған жылы
«Хан кеңесі»
Сахналық қойылым
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.
2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы
3. Халқының этникалық құрамы
4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.
«қазақ» - мықты, алып, берік, еркін адамдар
«жүз» - қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Ш. Уалиханов былай деген : «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ — қазақ жүздері».
«Алаш» - сөзі шамамен 9-10 ғасырлар аралығында алғаш рет айтылады. Бұл сөз қазақ халқының ұраны болған. Қазақ қауымы «Алаш мыңы» аталады. Содан ел аузында «Атамыз — Алаш, атымыз — қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген сөз қалады.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті
Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар толастамады
Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 14651466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
1)1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.
2) Керей мен Жәнібек сұлтандар 1457 жылыҚозыбасы мен Шуға келіп қоныстанып, Батыс Жетісуды мекен еткен. 1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығын құрылған деген деректер бар.
Керей мен Жәнібек
Сергіту сәті: «Математикалық лото»
1) 728·2+10=
2) 728·2+9=
3) 3800:2+91=
4) 3800:2+95=
5) 3800:2+91=
6) 3800:2+93=
Қазақ хандығы
- Моғол хандығы
-Қырғыз халқы
Сабақты бекіту:
«Әріптер сөйлейді»
1 А
2 Б
3 К
4 Қ
5 Ж
6 Қ
7 Ұ
8 Ш
9 Ә
10 Е
11 Ж
12 М
13 Х
14 Ү
15 Қ
«Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл» толып отыр осы жылдар ішінде бірнеше хандар билік етті, ал қазіргі Қазақстан Республикасының жағдайы бірнеше жүздеген жылдардан кейін қандай болмақ – бұл туралы өз ой пікірлеріңіз бен айтар ұсынытарыңыз болса ортаға салайық.